1 қыркүйектен бастап мектептерге жаңа пән енгізіледі

20 мамыр 2022, 18:47

Премьер-министрдің орынбасары Ералы Тоғжанов Қазақстан мектептеріне «еңбекке баулу» пәні енгізілетінін айтты, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі Оrda.kz-ке сілтеме жасап.

Вице-премьер Қазақстанның жас ұрпағын тәрбиелеуде еңбек тәрбиесінің маңызы зор екенін атап өтті.

 

– Сондықтан жаңа оқу жылында бірінші сыныптан бастап «еңбекке баулу» пәні енгізіледі. Жоба мектептер жанынан жылыжайлар ашуды көздейді. Қазірдің өзінде мектептердің 7 пайызға жуығы осындай тәжірибеге ие. Сонымен қатар, биылғы жылдан бастап мектептерде жетінші сыныптан кәсіптік бағдар беруші-педагог енгізіледі, ол мамандық таңдауға бағытталады, – деді Тоғжанов.