Жаңалықтар

1-сыныпқа арналған оқулыққа "өл" деген сөз жазып қойған: Білім министрлігі мәлімдеме жасады

  • 1-сыныпқа арналған оқулыққа

    1-сыныпқа арналған оқулыққа "өл" деген сөз жазып қойған: Білім министрлігі мәлімдеме жасады

Әлеуметтік желіде 1-сыныпқа арналған көмекші құралдағы "өл" сөзі қазақстандықтарды таңғалдырды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Желіде таралған жазбаға сенсек, оқушыларға арналған "Менің алтын жазу үлгім" дәптерінің авторы С.Трофимова. Өз кезегінде желі қолданушылары жазу үлгісіне неліктен “өл” сөзі қолданылғанын түсінбей, дал болуда.

Осы оқиғаға қатысты білім және ғылым министрлігі ресми түсініктеме берді.

"БАҚ пен әлеуметтік желілерде талқыланып жатқан қазақ тілінде білім беретін мектептердің 1-сынып оқушыларына арналған "Менің алтын жазу үлгім" атты жазу дәптерлері "8&8" баспасында жарық көрді, авторы С.В.Трофимова. Бұл дәптер орта білім беру ұйымдары үшін бекітілген оқулықтар мен оқу-әдістемелік кешендердің бекітілген тізбесіне енгізілмеген. Тиісінше, мемлекеттік сараптамадан да өтпеген", - делінген хабарламада.

Министрліктің айтуынша, мектеп оқулықтары мен оқу-әдістемелік кешендер ҚР "Білім туралы" заңына сәйкес сараптамадан өтеді.

"Оқу-әдістемелік кешен дегеніміз – оқулықты сүйемелдейтін, міндетті талаптарға сәйкес әзірленген әдістемелік нұсқаулық, жұмыс дәптері, хрестоматия, диктанттар жинағы, тапсырмалар мен жаттығулар жинағы, картографиялық атлас. Аталған жазу дәптері секілді қосымша оқу басылымдарын, оқулықтарды, дәптерлерді және басқа қосымша материалдарды таңдау құқығы білім беру ұйымдарына берілген. Мұндай жағдайларды болдырмау үшін жоғарыда көрсетілген мәселелерді реттеу мүмкіндігі қаралатын болады", - деп хабарланды аталған ведомстводан.

Осы орайда министрлік бекітілмеген басылымдар ашық саталымда және ол интернетте де қолжетімді екенін ескертеді. Сондай-ақ, елімізде қосымша оқулықтар, ертегі жинақтары мен дәптерлердің арнайы бекітілмейтіні айтылды.




Көрілген: 304    Пікірлер: 0

сәрсенбі, 29.09.2021, 15:51

Достарыңмен бөліс:





  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    23 Қазан, 00:34
    Ұстаз мерейі

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    желтоқсан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5
    6 7 8 9 10 11 12
    13 14 15 16 17 18 19
    20 21 22 23 24 25 26
    27 28 29 30 31