Жаңалықтар

"12 жастан асқан оқушыларға вакцина салынады": Желіде таралған құжат қызылордалық ата-аналарды дүрліктірді

  • "12 жастан асқан оқушыларға вакцина салынады": Желіде таралған құжат қызылордалық ата-аналарды дүрліктірді

Қызылорда облысының Жалағаш ауданына қарасты білім бөлімі мамандарының балаларға екпе салуды жоспарлаймыз деп басы бәлеге қалды. Өңірде ата-аналардың чатында білім бөлімінің басшысы қол қойған құжат тарады. Мұнда 12 жастан асқан балаларға коронавирус инфекциясына қарсы екпе салу жұмыстары жоспарланғандығы жазылған. Осыған орай білім бөлімі балалардың аты-жөні, туған жылы туралы мәліметті жинауды бұйырыпты. Бұл туралы 31 арна “Информбюро” жаңалықтар бағдарламасы хабарлайды.

Санитарлық эпидемиологиялық орталықтың аудандық білім бөліміне жіберген хатында 12 жастан асқан оқушылардың вирусқа қарсы дәрі салдыру кестесі әзірленуі керектігі айтылған. Бірақ бұл бұйрық сол күйі білім ошақтарына таратылмаған көрінеді. 7-ші қыркүйекте жазылған санитар мамандардың құжатында тапсырма 9-ы күні орындалуы қажет деп көрсетілген. Яғни, оқушылардың кестесі екі күннен кейін сақадай-сай дайын тұру керек еді. Ал Жалағаш аудандық білім бөлімі бұл нұсқаманы аса шұғыл деп, ерекше белгілеп, мектеп директорларына әзірлеген. Бірақ облыстық білім басқармасының басшылығы хат мектептерге жіберілген жоқ деп ақталды. 

 
“Қазір ешқандай білім беру ұйымдарына ешқандай тізім жасап жатқан жоқ. Халықтың қорқатындай ешқандай, бұл жерде орын алған жоқ. Дереу шара қолданылды”, – дейді Қызылорда облыстық білім басқармасының басшысы Ақзира Қасымова.

Шенеунікке тәртіптік шара қолданылады. Ал Жалағаш ауданының бас санитары министрліктен осындай аса шұғыл деген арнайы хат келгенін мойындап отыр. Онда екпе алатын 12 жастан асқан оқушылардың барлық мәліметі жинақталған кесте басшылыққа жетуі тиіс болғаны айтылады. 




Көрілген: 355    Пікірлер: 0

сейсенбі, 14.09.2021, 10:10

Достарыңмен бөліс:





  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    23 Қазан, 00:34
    Ұстаз мерейі
    24 Қыркүйек, 17:13
    Табиғаттың өзі емші!

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    қазан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3
    4 5 6 7 8 9 10
    11 12 13 14 15 16 17
    18 19 20 21 22 23 24
    25 26 27 28 29 30 31