Жаңалықтар

«12 мектеп – өзбек тілінде, 11 мектеп – ұйғыр тілінде»: сенатор аралас мектептердің көбейгенін жеткізді

  • «12 мектеп – өзбек тілінде, 11 мектеп – ұйғыр тілінде»: сенатор аралас мектептердің көбейгенін жеткізді

    «12 мектеп – өзбек тілінде, 11 мектеп – ұйғыр тілінде»: сенатор аралас мектептердің көбейгенін жеткізді

«Бұл әлемде ешбір елде кездеспейтін, тек қана Қазақстанда бар жағдай», - дейді Сенат депутаты Динар Нүкетаева.
Сенат депутаты Динар Нүкетаева Қазақстандағы аралас тілді мектептердің көбейгенін айтып, болашақта қазақ тілінің тағдыры қалай болады деп алаңдады, деп жазады azattyq-ruhy.kz.

«Елімізде күндізгі жалпы білім беретін мектептердің саны – 6973. Оқушылардың саны – 3 млн 250 мың. Оның ішінде қазақ тілінде оқытатын 3726 мектеп, орыс тілінде оқытатын 1181 мектеп, аралас тілде оқытатын 2043 мектеп бар.

Басқа тілде оқытатын 23 мектеп бар: оның ішінде 12 мектеп – өзбек тілінде, 11 мектеп – ұйғыр тілінде. Яғни, аралас тілді мектептер жалпы мектеп санының 30%-ға жуығын құрап отыр. Бұл әлемде ешбір елде кездеспейтін, тек қана Қазақстанда бар жағдай. Бұл үрдіс одан ары да жалғаса беретін болса, одан кейін қазақ тілінің тағдыры, ел тағдыры қалай болатынын ешкім болжап айта алмайды», – деді Сенат депутаты Динар Нүкетаева.

Қазақстанда аралас тілді мектептерде білім алатын оқушылар саны соңғы 5 жылда айтарлықтай өскен.

«Еліміздегі аралас тілді мектептердің соңғы 5 жылдағы жағдайына қарасақ, 2016 жылы – 2045 мектеп, 2017 жылы – 2037 мектеп, 2018 жылы – 2046 мектеп, 2019 жылы – 2054 мектеп болған.

Ал 2020 жылы аралас тілді 2043 мектеп жұмыс істеп, онда 1 393 727 оқушы білім алып жатыр. Демек, 2016 жылмен салыстырғанда, осындай мектептерде оқитындардың өсу тенденциясы жыл сайын үдей түсіп, олардың саны 196 715 оқушыға дейін артқан», – деп нақтылады сенатор. 




Көрілген: 1890    Пікірлер: 0

жұма, 29.05.2020, 10:32

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    12 Маусым, 10:40
    Арман алға жетелейді
    7 Маусым, 19:31
    Өнерлінің өрісі кең
    1 Маусым, 15:52
    Балаларға базарлық!

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    шілде
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5
    6 7 8 9 10 11 12
    13 14 15 16 17 18 19
    20 21 22 23 24 25 26
    27 28 29 30 31