Жаңалықтар

145 колледж 330 мамандық бойынша лицензиясынан айырылды

  • 145 колледж 330 мамандық бойынша лицензиясынан айырылды

    145 колледж 330 мамандық бойынша лицензиясынан айырылды

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.

"ҚР БҒМ Білім және ғылым саласындағы сапаны қамтамасыз ету комитеті барлық қазақстандық колледждің білім беру қызметіне мониторинг жүргізіп жатыр. Талдау нәтижелері бойынша 145 білім беру ұйымы 330 мамандық бойынша лицензияға қосымшаларын өз еркімен қайтарып берді (белгілі бір мамандықтар бойынша оқытуға рұқсат беретін құжат)", - делінген хабарламада.

ҚР БҒМ Білім және ғылым саласындағы сапаны қамтамасыз ету комитетінің төрайымы Гүлзат Көбенова студенттерге көрсетілетін қызметтердің сапасын жақсартуға бағытталған жұмыс Техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының директорларымен бірлесе жүргізілгенін атап өтті.

"Департаменттеріміз колледждердің білім беру қызметіне мониторинг жүргізіп жатыр. Бірінші кезекте біз оқу процесіне қажетті құрал-жабдықтардың, әдебиеттердің, білім беретін тиісті оқытушылардың болуына, оқуға барлық жағдайдың жасалуына назар аударамыз. Осы жұмыстың нәтижесінде колледждер қазіргі уақытта өздерінің білім беру профиліне жатпайтын немесе біліктілік талаптарын сақтай алмайтын жекелеген мамандықтар бойынша лицензияның қосымшаларын қайтару туралы шешім қабылдады. Арасында еңбек нарығында сұранысқа ие емес мамандықтар да бар. Кейбір колледждерге белгілі бір мамандықтар бойынша студенттер оқуға мүлдем түспеген.

Мысалы, педагогикалық колледж менеджерлерді даярлауға талпынса, ал экономикалық бағытта білім беретін колледж педагогтерді оқытпақ болған. Сондай-ақ кейбір оқу орындары материалдық базасы сай келмесе де белгілі бір мамандық бойынша кадрларды дайындағысы келген. Қазіргі уақытта студенттер оқуын аяқтады, ол үшін колледждерге мүмкіндік берілді. Бұдан былай 145 техникалық және кәсіптік білім беру ұйымы үш жүзден астам мамандық бойынша студенттерді оқытпайтын болды. Сондықтан  ата-аналар мен оқушыларға алаңдаудың қажеті жоқ. Ешқандай проблема туындаған жоқ", &ndash деді ҚР БҒМ Білім және ғылым саласындағы сапаны қамтамасыз ету комитетінің төрайымы Гүлзат Көбенова.




Көрілген: 464    Пікірлер: 0

сәрсенбі, 07.10.2020, 18:31

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    желтоқсан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6
    7 8 9 10 11 12 13
    14 15 16 17 18 19 20
    21 22 23 24 25 26 27
    28 29 30 31