Жаңалықтар

2020 жылы оқуға ұсынылатын шетелдік жоғары оқу орындарының тізімі бекітілді

  • https://baq.kz/

    https://baq.kz/

ҚР Білім және ғылым министрінің 2020 жылғы 13 шілдедегі № 295 бұйрығымен 2020 жылы "Болашақ" бағдарламасы шеңберінде оқуға ұсынылатын шетелдік жоғары оқу орындарының тізімі бекітілді, деп хабарлады "Халықаралық бағдарламалар орталығы" АҚ.

 

"Болашақ" халықаралық стипендиясын тағайындау үшін үміткерлерді іріктеудің жаңа ережелеріне енгізілген өзгерістердің нәтижесінде шетелдік жоғары оқу орындарының тізімі сапалық және сандық жағынан өзгерді.

 

Тізімге QS World University Rankings, Academic Ranking of World Universities, Times Higher Education World University Rankings, the U. S. News & World Report Best Global University ranking халықаралық рейтінгтерінің кемінде екеуінің TOP-100дігіне кірген жоғары оқу орындары кірді.

 

Тізімге сонымен қатар, The U.S. News & World Report Best Global University Ranking басылымының нұсқасы бойынша үздік әлемдік университеттер рейтингінде кемінде 65 балл жинаған Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымы (ЭЫДҰ) елдерінің жоғары оқу орындары енді.

 

Салыстыратын болсақ, 2019 жылы ұсынылған шетелдік жоғары оқу орындарының тізімінде 537 жоғары оқу орны болса, оның 20% ғана топ-100 халықаралық рейтингтеріне кірген. Сондықтан, 2020 жылғы тізімде еліміздің нысанды қажеттіліктеріне сәйкес бағыттар бойынша мықты болып саналатын әлемнің жетекші жоғары оқу орындары ұсынылуда, - делінген ақпаратта.

 

Ұсынылатын шетелдік жоғары оқу орындарының тізімімен "Халықаралық бағдарламалар орталығы" АҚ ресми сайтында келесі сілтеме бойынша танысуға болады.

 

BAQ.KZ




Көрілген: 221    Пікірлер: 0

жұма, 17.07.2020, 14:41

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    27 Қыркүйек, 00:14
    БАЛАНЫҢ КӨЗІНШЕ...

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    қыркүйек
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6
    7 8 9 10 11 12 13
    14 15 16 17 18 19 20
    21 22 23 24 25 26 27
    28 29 30