Жаңалықтар

2021-2022 оқу жылына арналған гранттар: Қазақстанда алғаш рет көп балалы отбасылардан шыққандарға квота бөлінеді

  • 2021-2022 оқу жылына арналған гранттар: Қазақстанда алғаш рет көп балалы отбасылардан шыққандарға квота бөлінеді

    2021-2022 оқу жылына арналған гранттар: Қазақстанда алғаш рет көп балалы отбасылардан шыққандарға квота бөлінеді

Қазақстанда жаңа оқу жылына білім беру гранттарын бөлініп, алғаш рет халықтың әлеуметтік осал топтарына арналған квоталар тағайындалатын болды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Білім және ғылым министрлігінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, 2021-2022 оқу жылында көп балалы немесе толық емес отбасылардан шыққан балалар, сондай-ақ, ерекше қажеттіліктері бар балаларды тәрбиелеп отырған талапкерлер грант алу мүмкіндігіне ие болады.

 
"Төрт және одан да көп кәмелетке толмаған балалар тәрбиеленетін отбасылардан шыққан балаларға гранттардың жалпы санының 5% –ы, осы мәртебесі кемінде үш жыл толық емес отбасылардан шыққан балаларға -1%, І, ІІ топтағы мүгедек балаларды тәрбиелеп отырған отбасылардан шыққан балаларға білім беру гранттарының 1% -ы көзделген.

Бұл ретте олардың ұлттық бірыңғай тестілеуді (ҰБТ) тапсыру нәтижелері шекті баллға сәйкес келуі тиіс", – деп хабарлады Білім және ғылым вице-министрі Қуаныш Ерғалиев.

Бұдан басқа, жеңілдікті гранттарға жетім балалар мен этникалық диаспора өкілдері (шетелдік азаматтығы бар республикадан тыс жерлерде тұратын этникалық қазақтар үшін) ие болады. Қандастарға 4% бөлінді.

Осылайша, азаматтардың әлеуметтік осал санаттарындағы талапкерлер білім беру гранттарын беру кезінде басымдыққа ие болады. Мәселен, егер педагогикалық мамандықтарға 8 мыңға жуық білім беру гранты бөлінсе, оның ішінде 1 063 грант азаматтардың жеңілдікті санаттары үшін көзделген.

Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің үшінші отырысында президенті Қасым-Жомарт Тоқаев гранттарды бөлу жүйесінде үлкен әлеуметтік компонентті қарастыруды және талапкердің академиялық жетістіктеріне ғана емес, оның әлеуметтік-экономикалық мәртебесіне де назар аударуды тапсырды.


Қазақстанда 3 университеттің аккредитациясы қайтарып алынды 


Айта кетейік, 2021-2022 оқу жылына бакалавриатқа түсу үшін 56 мыңнан астам грант бөлінді. Білім беру гранттарын тағайындау конкурсына қатысу үшін өтініштерді қабылдау 13 шілдеде басталып, 20 шілдеге дейін жалғасады.

Білім министрлігінің мәліметінше, ең көп грант инженерлік, өңдеу және құрылыс салаларына бөлінді: 17 028 грант. Педагогикалық Ғылымдарғм – 9 573 грант, ақпараттық–коммуникациялық технологиялар – 7 487, жаратылыстану ғылымдары – 4 088, ауыл шаруашылығы ғылымдары – 1 895, Денсаулық сақтау – 2 700, өнер және гуманитарлық ғылымдар – 1 615, бизнес, басқару және құқық – 1 223, әлеуметтік ғылымдар, журналистика және ақпарат – 960.

Сондай-ақ, гранттар "Мәңгілік Ел жастары – индустрияға" ("Серпін") жобасы бойынша да көзделген.

2021-2022 оқу жылындағы білім беру гранттарының толық тізімі ашық дереккөзде орналастырылған.

Сондай-ақ, биыл магистратураға түсу үшін 13 мыңнан астам грант, докторантураға – 1800-ден астам грант бөлінді.

Stan.kz




Көрілген: 540    Пікірлер: 0

жұма, 09.07.2021, 00:00

Достарыңмен бөліс:





  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    8 Қыркүйек, 17:27
    Жолдауға қолдау

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    қыркүйек
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5
    6 7 8 9 10 11 12
    13 14 15 16 17 18 19
    20 21 22 23 24 25 26
    27 28 29 30