Жаңалықтар

2023 жылдан бастап Қазақстан мектептері 12 жылдық білім беруге көшеді

  • © Sputnik / Владислав Воднев

    © Sputnik / Владислав Воднев

Қазақстан мектептері латын әліпбиін енгізе отырып, 2023 жылдан бастап кезең-кезеңмен 12 жылдық білім беруге көшеді. Бұл туралы білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

 

"Орта білімді дамыту үшін латын графикасын енгізе отырып, 2023 жылдан бастап 12 жылдық оқытуға кезең-кезеңмен көшу көзделіп отыр. Ол үшін біз өте ауқымды жұмыс атқаруымыз керек", - деді Аймағамбетов министрліктің кеңейтілген алқа мәжілісінде.

 

Айтуынша, мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарты, үлгілік оқу бағдарламалары жаңартылады.

 

Президенттің тапсырмасымен математика, тілдер және информатика пәндеріне басымдық беріледі. Қазақстан тарихы мен Дүниежүзі тарихы бойынша бірыңғай оқулықтар әзірленеді.

 

Сондай-ақ, министр оқулықтардың сапасы қоғам тарапынан үнемі сынға ұшырайтынын атап өтті.  Сол себепті оқулықтарды сараптау және іріктеу рәсіміне, сарапшылардың біліктілік деңгейіне қойылатын талаптар қатаңдатылады.

 

Бұған қоса, оқулықтарды сапалы әзірлеу үшін олардың құрылымы мен мазмұнына қойылатын бірыңғай талаптар бекітіледі. Аймағамбетов тиісті заңнамаға қажетті өзгерістер енгізілгенін айтты.

 

 

 

.

 

 




Көрілген: 382    Пікірлер: 0

дүйсенбі, 15.03.2021, 18:05

Достарыңмен бөліс:



  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    29 Наурыз, 16:06
    Тарихи күн

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    мамыр
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29 30
    31