Жаңалықтар

2023 жылы 1 сыныптарға латын графикасына негізделген қазақ әліпбиі енгізіледі

  • https://www.inform.kz/

    https://www.inform.kz/

2023 жылдан бастап 1 сынып табалдырығын аттаған балалар латын графикасына негізделген қазақ әліпбиімен білім ала бастайды. Бұл туралы ҚР Мәдениет және спорт министрлігі Тіл саясаты комитетінің төрағасы Әділбек Қаба айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

 

«Өздеріңізге белгілі, жақында Үкімет жанындағы Ұлттық комиссияда жетілдірілген латын графикалы қазақ әліпбиі қаралып, мақұлданған болатын. Ғалымдарымыз бұл бағытта 1,5 жылдан астам уақыт бойы жұмыс істеді. Әліпби бүкіл республика бойынша ашық талқыланып, сынамалар, бейімдеу жүргізілді. Сөйтіп, әліпбиіміздің жазылуы, оқылуы, қолданысы жан-жақты зерделенді. Бұл әліпби алдағы уақытта Президент қарауына ұсынылады. Бекітілген жағдайда алдағы уақытта кестеге сәйкес кезең-кезеңімен латын әліпбиіне көшу жұмыстары жүргізіледі», - деді комитет төрағасы «Мемлекеттік тіл &ndash халықты ұйыстыру құралы» тақырыбындағы отырыс барысында.

 

Оның атап өтуінше, биыл латын графикасына негізделген қазақ әлібиін жетік білетін мұғалімдер даярланып, орфографиялық, орфоэпиялық сөздіктер, анықтамалар әзірленеді.

 

«Яғни, 2021 жыл латын графикасына негізделген қазақ әлібиін оқытуға дайындық жылы болып есептелінеді. 2022 жылы балабақшада тәлім-тәрбие алып жатқан балалар оқи бастайды. Ал 2023 жылдан бастап 1 сынып табалдырығын аттаған балалар латын графикасына негізделген қазақ әліпбиін оқиды. Демек, 2031 жылы латын графикасына негізделген қазақ әліпбиінде білім алған алғашқы түлектеріміз мектеп бітіріп, үлкен өмірге аяқ басады», - деді Әділбек Қаба.

 

Айта кетейік, аталған отырыстың мақсаты &ndash Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы Ұлттық комиссия мақұлдаған жетілдірілген латын графикасындағы қазақ әліпбиі мен емле ережелерін қоғамда кеңінен насихаттау және жаһандану кезеңіндегі қазақ тілін дамыту мәселелерін талқылау.

 

 




Көрілген: 531    Пікірлер: 0

сәрсенбі, 10.02.2021, 17:39

Достарыңмен бөліс:



  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    29 Наурыз, 16:06
    Тарихи күн

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    сәуір
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4
    5 6 7 8 9 10 11
    12 13 14 15 16 17 18
    19 20 21 22 23 24 25
    26 27 28 29 30