Жаңалықтар

2025 жылы 100 мың мұғалім қажет болады

  • 2025 жылы 100 мың мұғалім қажет болады

    2025 жылы 100 мың мұғалім қажет болады

2025 жылы 100 мың мұғалім қажет болады. Бұл туралы ҚР Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат. 

«Егер мектеп құрылысы мәселесін айтар болсақ, Тәуелсіздік жылдарының ішінде 2 мыңнан астам мектеп салынды. Енді Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, биылдан бастап 2025 жылы кемінде 1 мың мектеп салу міндеті алдымызда тұр. Қазір оқушы орны тапшылығына қатысты үлкен проблеманы көріп отырмыз. Биыл 150 мың түлек мектеп бітіріп шықса, ал 1 сыныпқа 400 мыңға жуық баланы қабылдадық. Бір жылдағы айырмашылықтың өзі 250 мың баланы құрап отыр. Мектептерді салмасақ, 2025 жылға қарай кемінде 1 млн қосымша оқу орны қажеттілігі туындайды. Проблеманы алдын ала шешу үшін Президент тағы 1 мың мектеп салуға тапырма берді», – деді министр ҚР Президенті жанындағы Адам құқықтары жөніндегі комиссия отырысында.
Оның атап өтуінше, желтоқсан айында 200-ден астам мектеп пайдалауға беріледі. Осылайша, 2025 жылға дейін 1 000 жаңа мектеп салынады.

«Бір мың мектеп кемінде 100 мың жаңа педагогикалық мөлшерлемені қосымша құруды талап етеді. Бізге 100 мың мұғалім қажет болады. Дәл осы жайт айтарлықтай үлкен сын-тегеурін болмақ. Бізге сапалы кадрлармен және материалдық-техникалық қамтамасыз ету қажет. Осы міндетті шешу бағытында жұмыс істеп жатырмыз», – деді Асхат Аймағамбетов.

ҚазАқпарат. 




Көрілген: 749    Пікірлер: 0

жұма, 03.12.2021, 16:27

Достарыңмен бөліс:





  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2022
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    2022
    қаңтар
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29 30
    31