Жаңалықтар

3 сынып оқушыларына арналған тапсырма жұрттың ашуын туғызды

  • © Sputnik / Абзал Калиев

    © Sputnik / Абзал Калиев

Online mektep платформасында үшінші сынып оқушыларына арналған тапсырма әлеуметтік желі қолданушылары арасында қызу талқыға түсті. Қолданушылар орыс тіліндегі мәтінде әдепсіз сөздер жазылғанын суретке түсіріп, білім министрлігін сынға алды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

 

Фейсбуктегі "Талдықорганец" тобында Online mektep-те жаттығудың скриншотымен жазба жарияланды. Үшінші сынып оқушыларына орыс тілінде берілген тапсырмада грамматикалық және мағыналық қателері көп мәтін ұсынылған. Онда: "злой осел попадает в охотника", "сыграл на кюи" деген сияқты сөйлемдер мен бейәдеп сөздер жазылған.

 

Осы жағдайға қатысты арнайы түсініктеме берген Online mektep жобасының атқарушы директоры Санжар Кенжеханұлы тапсырманың түпнұсқасы қазақ тілінде берілгенін &ndash онда ешқандай қателіктер жоқ екенін атап өтті.

 

"Кейбір қолданушылар мәтінді аударуда интернеттегі автоматты аудармашыны қолданады. Былайша айтқанда хайп жасау үшін скриншот түсіріп, чаттар арқылы жібереді. Online mektep платформасында ешқандай қателіктер жоқ. Платформаны жасаушыларға автоматты аудару тетігін қолдануына жол берілмейді. Ал негізінен оқулықтағы тапсырма дұрыс құрастырылған. Жалпы бұл өзі желі қолданушылары арасында түрлі пікір жазғызып немесе лайк жинау үшін жасалатын әрекет емес", &ndash деді ол.

 

Айта кетейік, платформаға жүктелген қазақ тіліндегі түпнұсқа мәтін "Ақсақ құлан" ертегісіне қатысты алты сөйлемнен құралған:

 

"Ертеде ханның ұлы аң аулауға шығады. Ол бір құланды жаралайды. Ызалы құлан аңшыға тап беріп, оны өлтіреді. Хан жамандықтық болғанның сезеді. Сол кезде бір күйші домбырасын алып, күй тартады. Хан күй арқылы бәрін түсінеді".

 

 




Көрілген: 614    Пікірлер: 0

дүйсенбі, 08.02.2021, 22:39

Достарыңмен бөліс:



  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    29 Наурыз, 16:06
    Тарихи күн

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    сәуір
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4
    5 6 7 8 9 10 11
    12 13 14 15 16 17 18
    19 20 21 22 23 24 25
    26 27 28 29 30