Жаңалықтар

433 млн теңгеге салынған мектеп құлайын деп тұр

  • https://kaz.zakon.kz/

    https://kaz.zakon.kz/

433 миллион теңгеге салынған жаңа мектеп құлайын деп тұр. Әңгіме Алматы облысының Қаратал ауылындағы білім ордасы жайлы. 2014 жылы қолданысқа берілген ғимараттың 4 жыл өтпей жатып іргесі сөгіле бастаған. Спорт залдың едені ортасына түсіп, қабырғалар да қақыраған күйі қауіп төндіріп тұр. Оның үстіне құрылысты қабылдап алу кезінде жер сілкінісіне жарамдылығы жіті тексерілмепті, деп хабарлайды zakon.kz.

 

Бұл Алматы облысының Қаратал ауданында салынған жаңа мектеп. 2014 жылы қолданысқа берілген білім ордасының құрылысына 433 миллион теңге жұмсалыпты.

 

Ғалия Мақыпбекова, Қаратал орта мектебінің директоры:

 

- Спорт залдың мәселесі 2018 жылдың сәуір айында басталды. Біраз толқындар болды. Одан кейін ол толқындар түсіп, асты суланып, шіріп жатқаны анықталды. 2020 жылдың желтоқсан айында шағын орталық бөлмелерінде жарықтар пайда бола бастады. 2021 жылдың қаңтар айында ол жарықтар тез арада ашылып, едені төмен түсіп кетті. Оқушылар 2020 жылдың сәуір айынан бастап онлайн форматка көшірілді. 2021 жылдың 16 ақпан айында оқуды негізі ғимаратта бастадық.

 

Мектептің қазіргі күйінен адам шошиды. Асхана, 100 балаға арналған бастауыш сыныптың кабинеттері, спортзал мен шағын орталықтың ойраны шыққан. Іргетасы шөгіп, қабырғалары қақырап, есік-терезелері қисайған халде. Тіпті ғимаратқа кірудің өзі қорқынышты.

 

Бір қызығы, мектепті қабылдап алған жауаптылар сол уақытта құрылыс жұмыстарынан мін таппаған. Ал мердігер ұйым кепілдік мерзімі өтіп кеткендіктен қандай да бір жауапкершілік алудан бас тартып, кінәні жоба авторына жаба салған. Ал жобалаушы мемлекеттік сараптамаға сілтеп отыр. Қысқасы, біздегі тамырын тереңнен жайған сол баяғы система.

 

Әділет Айтақов, Ескелді аудандық құрылыс бөлімінің басшысы:

 

- Бірнеше мәрте аудандық құрылыс бөлімі барып, көзбен шолу актісін жасап, 2018 жылы күзде білім бөліміне хат жазған болатын. 2019 жылы қаңтар айында білім бөлімі білім басқармасына бюджеттік өтінім жолдады. Бірақ, ешқандай ақша бөлінбеді оған. сараптама жасалған жоқ болатын. Көзбен шолу актісі ғана жасалған. 2019 жылы прокуратураның қаулысымен аудандық қылмыстық іс қозғалды.

 

Ауылдағы дәрігерлік амбулатория да мектеппен қоса сол 2014 жылы қолданысқа берілген екен. Бұл ғимараттың қабырғалары да шамалы толқуларды көтермей, құлай бастаған.

 

Ендігі үміт мемлекеттік сараптамада болып отыр. Ғимараттардың қаншалықты апатты екені анықталған соң ғана әрі қарайғы тағдыры белгілі болады. Бір анығы, мектеп қолданысқа мүлде жарамайды.

 

 




Көрілген: 434    Пікірлер: 0

сәрсенбі, 24.02.2021, 18:24

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    29 Наурыз, 16:06
    Тарихи күн

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    сәуір
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4
    5 6 7 8 9 10 11
    12 13 14 15 16 17 18
    19 20 21 22 23 24 25
    26 27 28 29 30