Жаңалықтар

4700-ден астам студент кәсіптік-техникалық бағытта тегін оқытылады

  • https://baq.kz/

    https://baq.kz/

«Баршаға арналған тегін кәсіптік техникалық білім беру» жобасы аясында 2021-2022 оқу жылына мемлекеттік білім беру тапсырысы 15 бағыт бойынша және 4752 орынға 49 ең қажетті мамандық бойынша қалыптастырылды. Оның ішінде «Еңбек» бағдарламасы бойынша – 1050 орын.

 

Бұл туралы «Техникалық және кәсіптік білім беру (ТжКБ) колледждеріне түсу туралы» брифингте мәлім болды деп хабарлайды қала әкімдігінің ресми сайты.

 

Елорданың Білім басқармасы өткен жылмен салыстырғанда мемлекеттік тапсырыс 100 орынға ұлғайғанын жеткізді. Сонымен қатар қазіргі уақытта 2025 жылға дейін жастарды сұранысқа ие мамандықтар бойынша тегін ТжКБ-мен 100% қамтуға кезең-кезеңмен көшу жоспарланып отыр.

 

Қазіргі уақытта техникалық және кәсіптік білім беру жүйесінің білім беру қызметтері 34 колледжде ұсынылады. Оның ішінде 9-ы – мемлекеттік, 25-і – жекеменшік. 26 492 студент қамтылған, оның ішінде мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша – 14 085 адам.

 

Дайындық 77 мамандық және 122 біліктілік бойынша мынадай бағытта жүргізіледі: сервис және қызмет көрсету – 20,4%, білім беру – 11,5%, медицина – 14,5%, құрылыс, коммуналдық шаруашылық, техника – 9,3%, энергетика және көлік – 9,1%, өндіріс, монтаждау, пайдалану және жөндеу (салалар бойынша) – 12,6%, байланыс, телекоммуникация және ақпараттық технологиялар – 13,8%, - деп хабарлады Нұр-Сұлтан қаласы Білім басқармасы басшысының орынбасары Римма Иманғазинова.

 

Оның айтуынша, елордада білім беру және ақпараттық технологиялар қызметкерлері мен қызмет көрсету, құрылыс, коммуналдық-шаруашылық қызметтері саласындағы жұмысшы кадрларға деген сұраныс артып келеді. Осыған сәйкес, биыл осы сұранысқа ие қызмет салаларына кадрлар даярлауға арналған орындар саны артты.

 

 

 

BAQ.KZ




Көрілген: 198    Пікірлер: 0

сейсенбі, 15.06.2021, 23:08

Достарыңмен бөліс:



  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    шілде
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4
    5 6 7 8 9 10 11
    12 13 14 15 16 17 18
    19 20 21 22 23 24 25
    26 27 28 29 30 31