Жаңалықтар

63 мыңнан астам оқушы жаңа бағдарлама бойынша оқиды

  • © ҚазАқпарат

    © ҚазАқпарат

Жаңа оқу жылында Алматыда 4,9,10 сыныптардың 63 мыңнан астам оқушысы жаңа бағдарлама бойынша оқиды. Бұл туралы Алматы қалалық білім басқармасының бастығы Гүлнәр Қожабергенова айтты, деп хабарлайды   ҚазАқпарат тілшісі.


«Қалада жалпы білім беретін 204 мемлекеттік, 55 жеке меншік мектеп бар. Онда 257 мыңнан астам оқушы оқиды. Орта білім саласында негізгі әдістер анықталған. Қазіргі уақытта Назарбаев Зияткерлік мектебінің тәжірибесі таратылуда. Жаңа интеграцияланған білім беру бағдарламасы балалардың қабілеттерін дамытуға, оқушылардың білімі мен дағдыларын нақты тәжірибеде және функционалдық сауаттылықта қолдануға бағытталған. 2016 жылдан бастап НЗМ тәжірибесіне сәйкес 1,2,3,5,6,7,8 сыныптар жаңартылған білім беру мазмұнына көшкен болатын. Жаңа оқу жылында 4,9,10 сыныптардың 63 мыңнан астам оқушысы жаңа бағдарлама бойынша оқитын болады. Осы бағытта 15 мыңнан астам мұғалім біліктілікті арттыру курстарынан өтті », - дейді Г.Қожабергенова Алматыдағы білім беру қызметкерлерінің форумы барысында.


Оның айтуынша, химия, биология, физика және информатика пәндерінде ағылшын тілін қолдану бойынша жұмыс жалғасады.


«Қазіргі уақытта аталған пәндердің оқытушылары ағылшын тілін үйренуде, курс осы жылы аяқталады », - деді департамент басшысы.


Айта кету керек, бүгін Алматыда білім беру қызметкерлерінің форумы өтіп жатыр, оның барысында 2018-2019 оқу жылының қорытындысы шығарылып, жаңа 2019-2020 оқу жылына арналған стратегиялық міндеттер айқындалады.


 




Көрілген: 401    Пікірлер: 0

дүйсенбі, 19.08.2019, 12:46

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    17 Қыркүйек, 18:06
    Тіл – татулық тірегі

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    қыркүйек
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1
    2 3 4 5 6 7 8
    9 10 11 12 13 14 15
    16 17 18 19 20 21 22
    23 24 25 26 27 28 29
    30