Жаңалықтар

7,5 мыңға жуық мектеп дәстүрлі оқыту форматына көшеді - Министрлік

  • https://inbusiness.kz/

    https://inbusiness.kz/

Педагогтар мен қызметкерлерді 100% вакциналаумен қамтамасыз еткенде ғана, мектептер дәстүрлі оқыту форматына көше алады.

 

Бұл туралы Бас мемлекеттік санитарлық дәрігер Ерлан Қиясов «Nur Otan» партиясы жанындағы Білім мен ғылымды дамыту жөніндегі кеңесте хабарлады.

 

Ал Жоғары оқу орындарында 18 жастан асқан студенттер де вакциналануы немесе қашықтан оқытуға ауыстырылуы тиіс,-деді.

 

Кеңес мүшелері офлайн оқуға оралу үшін санитарлық талаптар қатаң сақталуы керек деп отыр.  

 

Ерлан ҚИЯСОВ, ҚР ДСМ БАС МЕМЛЕКЕТТІК САНИТАРЛЫҚ ДӘРІГЕРІ:

 

- Мектептердегі сақтық шаралары бұқаралық іс-шараларды өткізуге тыйым салуды, сыныптарды бөлуді және әртүрлі сыныптар үшін үзіліс уақытын бөлуді, асханада тамақтану барысына бақылауды күшейтуді қамтиды.

 

Ал Білім және ғылым вице-министрі Шолпан Каринова, 1 қыркүйектен бастап, 7,5 мыңға жуық мектепті ашу жоспарланып отырғанын жеткізді.

 

Сондай-ақ, ол «Nur Otan» партиясының сайлауалды бағдарламасын орындауға арналған "Жол картасы" аясында биыл 200 мектеп салу және 1 мың мектепті жаңарту міндеті тұрғанын атап өтті.

 

Шолпан КАРИНОВА, ҚР БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ:

 

- Барлық мектептерде талаптарды сақтау үшін әр сыныпта 25 баладан аспайтын талаптар қойылды. Әр ата- ана санитарлық-гигиеналық ережелерді сақтауы үшін арнайы жұмыстар жүргізілуде.

 

 

 

astanatv.kz




Көрілген: 366    Пікірлер: 0

сенбі, 10.07.2021, 10:37

Достарыңмен бөліс:





  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    8 Қыркүйек, 17:27
    Жолдауға қолдау

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    қыркүйек
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5
    6 7 8 9 10 11 12
    13 14 15 16 17 18 19
    20 21 22 23 24 25 26
    27 28 29 30