Жаңалықтар

IT мамандарға беріліп жатқан білімнің керексіз тұстары көп — Әділ  Нұрғожин

  • IT мамандарға беріліп жатқан  білімнің керексіз тұстары көп — Әділ  Нұрғожин

    IT мамандарға беріліп жатқан білімнің керексіз тұстары көп — Әділ  Нұрғожин

Қазір жоғары оқу орнын тәмамдаған жастарға мамандық бойынша жұмысқа тұру қиын. Себебі университет оларға 4 жылдан кейін қажетіне асатын дағдыларды үйретпей, теориямен шектеледі.  Жоғары білім саласының негізгі клиенті &mdash жұмыс беруші болғандықтан олардың талабы да ескерілмей келеді. Қазіргі таңда, жұмыс берушілерді де білім бағдарламаларының өзектілігі мен сапасы алаңдатып отыр. Атамекен ҰҚП-ның соңғы мәліметіне сүйенсек, жалпы алғанда жұмыс берушілердің 68 пайызы қазіргі оқу бағдарламасына көңілдері толмайды. Қазақстанда 60-тан астам ЖОО-да оқыған түлектердің жартысы жұмыссыздар қатарында.

            Осы орайда, « Жұмыс берушілердің университет түлектеріне көңілі тола ма»  деген тақырып ҚР Білім және ғылым министрлігіне қарасты ADAL BILIM жобалық офисінің алаңындағы талқыланды.  Тікелей эфир барысында М.С. Нәрікбаев атындағы КАЗГЮУ Университеті Басқарма Төрағасының орынбасары Ерболат Мұхамеджан  халықты толғандырып жүрген  өзекті сұрақтар қойды.

Жоғары оқу орнын жаңа бітіріп келген мамандарға көңіліңіз тола ма? деген сауалға «Бәйтерек» Ұлттық басқарушы холдингі» АҚ Басқарушы директоры Әділ Нұрғожин жұмыс беруші ретінде университеттердің беріп жатқан біліміне риза еместігін жеткізді. Жұмысқа маман алғанда дипломына емес, қолынан не іс келеді, соған мән береміз дейді.  

          «Жұмысқа тұрған жас маманды  тренингтерге қатыстырып, бәрін өзің үйретесің. Оған 1-2 жыл күш-жігеріңді жұмсайсың. Маман ретінде қалыптасу үшін тағы 3 жылдай жұмыс істеуі керек деген тұжырымға келдім. Әсіресе IT мамандығына байланысты  беріліп жатқан білімнің керексіз тұстары көп. Менің тәжірибем бойынша, қазіргі IT-мамандардың алып жатқан білімі жұмысқа келгенде мамандыққа тікелей қатысы жоқ болып қалады. 4 жыл бойы университетте оқығаны нарықтағы жұмысына әсері болмайды. Сондықтан техникалық мамандық бойынша білім беріп жатқан университеттердің бағдарламаларының өзектілігін бақылау қажет»,&ndash дейді Әділ Нұрғожин.




Көрілген: 700    Пікірлер: 0

жұма, 30.10.2020, 18:12

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    6 Қаңтар, 18:48
    Мен жаңашыл ұстазбын
    20 Желтоқсан 2020
    Менің ұстазым...
    14 Желтоқсан 2020
    Тәуелсіздік туралы эссе

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    қаңтар
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3
    4 5 6 7 8 9 10
    11 12 13 14 15 16 17
    18 19 20 21 22 23 24
    25 26 27 28 29 30 31