Жаңалықтар

KITAP FEST ауқымды фестивалі тұңғыш рет Нұр-Сұлтанда өтеді

  • KITAP FEST ауқымды фестивалі тұңғыш рет Нұр-Сұлтанда өтеді

    KITAP FEST ауқымды фестивалі тұңғыш рет Нұр-Сұлтанда өтеді

 Нұр-Сұлтанда KITAP FEST ауқымды кітап фестивалі өтеді, деп хабарлайды Tengrinews.kz. Естеріңізге салайық, шара бес жылдан бері Алматыда ұйымдастырылып келеді. Ол жыл сайын мыңдаған кітапсүйер қауымды, дарынды жазушылар, блогерлер мен қоғам қайраткерлерін біріктіреді. Биыл фестиваль тұңғыш рет Нұр-Сұлтанда өтеді. Ұйымдастырушылардың ақпараты бойынша, KITAP FEST 2019 аясында мынандай шаралар ұйымдастырылмақ: • Кітап сөресін түрлі жанрлардағы қызық та әсерлі шығармалармен толықтыруға мүмкіндік беретін IBOOKYOU кітап алмасу шарасы. • Жазушылар шатыры. Отандық жазушылар 2018-2019 жылдары жарық көрген кітаптарын көпшілік назарына ұсынады. Шақырылған қонақтар тізімі: Қазақстанның халық әртісі Жәния Әубәкірова, журналист, философия ғылымдарының кандидаты, зерттеуші Зира Наурызбаева, актриса Альмира Тұрсын, журналист әрі балалар ертегілерінің авторы Гүлжазира Берікқызы, "100 жаңа есім" жобасының жеңімпазы Айдие Айдарбеков және басқалар. • "Кітап оффлайн". Бұл шатырда кітапсүйер көпшілік қоғам қайраткерлері, журналистер, табысты кәсіпкерлермен таныса алады. Шақырылған блогерлер: Өркен Кенжебек, Айна Досмұхамбетқызы. Сондай-ақ қонақтар арасында Jeff Tailor ерлерге арналған тігін ателье иесі Гауһар Өтелбаева мен I Book You кітап порталының негізін қалаушы Марина Шарипова да бар.



• Кітап жәрмеңкесі. Кітап дүкендері, баспалар мен интернет-дүкендер өздерінің өнімдерін көрмеге қояды. Келушілер өзіне ұнаған кітапты сатып ала алады. • Архивтік суреттер көрмесі. Мұнда жазушылардың сирек кездесетін және XX ғасырдағы қазақ оқырмандарының суреті қойылады. • Балаларға арналған ойын-сауық бағдарламасы.



Шараны Нұр-Сұлтан қаласындағы "Астана Жастары" республикалық мемлекеттік қазынашылық кәсіпорнының қолдауымен ABAYbooks баспа үйі және BAURZHAN жеке қоры ұйымдастырады. Айта кетерлігі, фестивальге арнайы қонақ ретінде Альмира Тұрсын келеді. Ол жазушылар шатырында ERG компаниясының қолдауымен "Алаш Медиа Групп" холдингі ұйымдастырып жатқан "Бірге оқимыз" жобасының аясында сөз сөйлейді.



Tengrinews.kz  порталында "Бірге оқимыз" атты арнайы жоба басталғанын естеріңізге саламыз. Бұл жобаның негізгі мақсаты – қазақстандық жас буын арасында кітап оқуды насихаттап, қазақ тіліндегі туындыларға қызығушылықты арттыру.


massaget.kz




Көрілген: 745    Пікірлер: 0

сейсенбі, 27.08.2019, 00:40

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    17 Қыркүйек, 18:06
    Тіл – татулық тірегі

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    қараша
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3
    4 5 6 7 8 9 10
    11 12 13 14 15 16 17
    18 19 20 21 22 23 24
    25 26 27 28 29 30