Жаңалықтар

Pfizer екпесін алмаған оқушылар мектепке кіргізілмей ме?: Алматы қаласы санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті жауап берді

  • Pfizer екпесін алмаған оқушылар мектепке кіргізілмей ме?: Алматы қаласы санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті жауап берді

    Pfizer екпесін алмаған оқушылар мектепке кіргізілмей ме?: Алматы қаласы санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті жауап берді

Алматыға жеткізілген 46 мың 800 доза пфайзер вакцинасы қаладағы 20 медициналық мекемеге таратылып жатыр. Екпе минус 60-тан минус 90 градусқа дейінгі температурада сақталады. АҚШ препараты алдымен 12 мен 18 жас аралығындағы оқушылар мен студенттерге салынады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Сондай-ақ, бала емізетін және жүкті әйелдерге де егуге болады. Вакцинаның бірінші және екінші компоненті арасындағы интервал 21 - 28 күн болуы шарт. Ал, Алматыдағы 170 мың оқушының әзірге 20 пайызының ата-анасы ғана баласына екпе салдыруға рұқсат берген екен. Санитарлық - эпидемиологиялық бақылау департаментінің мамандары балаларына вакцина салдырғысы келетін ата-аналар санының көбейіп келетінін айтады. Ал, препарат қабылдамаған оқушылар мектепке кіргізілмей ме? деген сауалға, вакцинадан бас тартқан тәлімгерлер штаттық режимде білім ала беретінін мәлімдеді.

 
“Вакцина мектептерде сақталмайды. Яғни, жылжымалы бригада білім ошақтарына барып екпені салатын болады. Вакциналардың сақталу температурасы да қатаң бақыланады. Айта кететін жайт, екпе тек ерікті түрде егіледі. Ал, оны қабылдамаған оқушылар оффлайн режимде оқи беретін болады”, – дейді  Алматы қаласы санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары Әсел Халықова. 

Ал, көптен күткен вакцина әуелде айтылған топтардан басқа адамдарға салынбайды. Бірақ, АҚШ препаратын қабылдағысы келетіндер өздерінің тұрғылықты мекен-жайы бойынша ауруханаға барып өтінім қалдырса болады. Дәрігерлердің сөзінше, артық қалған доза болса басқа топтағы адамдарға да салынады.




Көрілген: 683    Пікірлер: 0

жұма, 12.11.2021, 12:16

Достарыңмен бөліс:





  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2022
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    2022
    қаңтар
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29 30
    31