Жаңалықтар

Абай ілімі – руханият негізі

  • Абай ілімі – руханият негізі

    Абай ілімі – руханият негізі

Д.Серікбаев атындағы ШҚМТУ-да қазақтың ұлы ағартушысы, ақын, қоғам қайраткері Абай Құнанбаевтың 175 жылдығына арналған «Абай ілімі – руханият негізі» тақырыбында республикалық онлайн дөңгелек үстел өтті.

Шараның модераторы Д. Серікбаев атындағы ШҚМТУ ректоры, биология ғылымдарының докторы, профессор Жасұлан Шаймарданов: «Абай – ұлт руханиятының бастауында тұрған тұлға. Біздің негізгі мақсатымыз – Абай мұрасын бүгінгі көзқараспен қарастырып, оның өміршеңдігін жас ұрпаққа насихаттау. Артында қалған өлмес мұрасын күнделікті өмірде, негізгі ұстамға айналдыруымыз қажет» ,- деп университетте студенттердің санасын жаңғыртуға бағытталған «Адам бол» академиялық жобасы, «21 ғасырдағы Абай» курсы туралы айтып өтті. Осы шараның өтуіне тікелей ұйытқы Абайтанушы, ғалымдарға алғыс білдірді.

Онлайн кездесуде алғашқы сөз философия ғылымдарының докторы, профессор, ҚР ҰҒА академигі Ғарифолла Есім мырзаға берілді. Академик: «Абай шығармалары адамның қасиетіне қалай әсер етуде? Адамшылық, кісілік деген ұғымдарға қатысты қазіргі ХХІ ғасырдың жастары қандай ғибратты істер атқаруы керек?» - деп жас ұрпақ тәрбиесінің маңыздылығына, оның іргетасы болып табылатын рухани құндылықтарға тоқталды.

Бүгінгі қоғам және оның болашағы үшін еліміздің жастарына ғалым Абай ұсынған жолмен жүруді ұсынды. Университет ұжымына техникалық оқу орында Абай курсының оқытылуын ең үлкен жетістік деп жоғары бағалады. Дөңгелек үстелдің спикерлері ретінде Саяси ғылымдарының докторы, профессор, Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институтының директоры Борбасов Сайын «Абай мен Шәкәрім тұлғасының рухани келбеті туралы» тақырыбында баяндама жасады.

«Абай мен Шәкәрім адамның рухани келбетіне ерекше назар аударған. Олар адами қасиеттер оның жүрек қалауынан туады деп есептейді. Ал, адамгершіліктен ауытқулар бақай есеп пен күншілдіктен, қулық амалдарынан туындайды. Сондықтан, ақиқат пен әділет үшін жүрек қалауын таңдау пайдалы деп көрсетеді», – деп Абай мен Шәкәрім үндестігіне тоқталып өтсе, филология ғылымдарының кандидаты, доцент, Әдебиет және өнер институтының халықаралық қатынастар және әлем әдебиеті кафедрасының меңгерушісі, әдебиет және өнер институты, ҚР жазушылар Одағының мүшесі Светлана Ананьева: «Абайды әлемдік қоғамдастықта жаңа Қазақстанның бренді ретінде таныстыру керек. Бұл- қазіргі ұрпақтың міндеті. Абай шығармашылығы - әлемдік әдебиет тарихындағы ерекше құбылыс» деп баға берді.

Сонымен қатар, спикер филология ғылымдарының докторы, профессор, С.Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік университеті «Абайтану ғылыми-зерттеу институтының директоры Картаева Айжан Маратбекқызы ақынның өмір бойы шарқ ұрып іздегені – «толық адам» жайлы сөз қозғап, «Абай мұрасындағы «Толық адам ілімі»» деген тақырыпта баяндама жасады. Филология ғылымдарының кандидиты, доцент

Шәкәрім атындағы Семей мемлекеттік университеті Абайтану институтының директоры Әубәкір Жандос Мағазбекұлы «Дала данышпаны» тақырыбында баяндама оқыды және Семей қаласының Абайдың әдеби-мемориалдық мұражайы директорының ғылыми жұмыс жөніндегі орынбасары Қайранбаева Мейрамгүл Абай мұражайымен таныстырып, жаңаша музейлендіру концепциясына тоқталды.

Жас ұрпақтың өмірлік ұстанымын тауып, қоғамнан өзіндік орнын алу барысында адамгершілік қасиеттерді бойына барынша сіңіру қажет екендігін ескере отырып, осы ретте Абай мұраларын басшылыққа алып, оны өзге ұлт өкілдеріне оқыту барысында әлемдік тәжірибеде бар жаңа әдіс-тәсілдерді қолданып, студенттерге Абай шығармашылығын эйдос-конспект арқылы талдатып, белгілі бір нәтижелерге қол жеткізген филология ғылымдарының кандидаты Рахымбаева ГауҺар Қиянаятқызының ғылыми мақаласы өте ұтымды шығып, көпшіліктің қызығушылығын тудырды.

 Оқу үрдісінде осындай практикалық тапсырмалардың кеңінен орын алып, студенттердің абстрактылы ойлауын, шығармашылық қабілеттерінің, ғылыми-зерттеу дағдыларының артуына жол ашатын осы іспеттес жаңа тәсілдердің қолданылуы – Абай мұрасының терең талдауға көмектесері сөзсіз. Нәтижесінде ұлы ақын шығармаларын талдау арқылы студенттердің бойындағы көптеген игі қасиеттері ашылып, эстетикалық талғамы артып, өнердің көптеген түрлерін де игере түсері анық.

Эльвира Еркінбекова 




Көрілген: 340    Пікірлер: 0

жексенбі, 31.05.2020, 12:18

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    12 Маусым, 10:40
    Арман алға жетелейді
    7 Маусым, 19:31
    Өнерлінің өрісі кең
    1 Маусым, 15:52
    Балаларға базарлық!

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    шілде
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5
    6 7 8 9 10 11 12
    13 14 15 16 17 18 19
    20 21 22 23 24 25 26
    27 28 29 30 31