Жаңалықтар

«Абай мұрасы әлемдік руханият кеңістігінде» атты Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті

  • «Абай мұрасы әлемдік руханият кеңістігінде» атты Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті

    «Абай мұрасы әлемдік руханият кеңістігінде» атты Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті

«Ұлы Абай» атанған ақын, философ, аудармашы әрі композитор, Абай Құнанбайұлының 175 жылдық мерейтойы еліміздің түкпір-түкпірінде түрлі шаралармен атап өтілуде. Челлендж, ғылыми тәжірибелік конференция, ақын әндерінен байқау түрінде өткізіліп жатқан шаралардың түпкі мақсаты ұлы тұлғаның мол мұрасын кеңінен насихаттауды көздейді. Қазақ халқының тарихында айрықша орны бар тұлғаның мерейтойына арналып 4 мамыр күні Қайнар академиясында да «Абай мұрасы әлемдік руханият кеңістігінде» атты Халықаралық онлайн ғылыми-тәжірибелік конференция өткізілді.

Әлем мойындаған дана ұстаз, адамзаттың ақыны, ұлы ойшылдың шығармашылық мұрасын дәріптеу мақсатында ұйымдастырылған шараға академияның Тілдер және журналистика кафедрасының меңгерушісі, филология ғылымдарының кандидаты, профессор Мұхаметкалиева Гүлнар Өгізханқызы мұрындық болды. Абай атамыздың асыл мұрасы мен даналық сөздерінің бүкіләлемдік қазынаға қосылған алтын қор екенінің дәлелі бүгінде ақынның мерейтойының әлемдік дәрежеде атап өтілуі болса керек.
Осы орайда академияның Тілдер және журналистика кафедрасы ұйымдастырған Халықаралық онлайн ғылыми-тәжірибелік конференциясына да еліміздің іргелі оқу орындарының ғалым-ұстаздарымен қатар Франция, Түркия, Нидерланд, Греция, Польша елдерінен шетелдік ғалымдар қатысты.
Айта кетер жайт онлайн оқуға еліміздегі Жоғары оқу орындарының ішінде алғашқылардың бірі болып бет бұрған оқу орынына қашықтақ оқыту, халықаралық ғылыми тәжірибе алмасу дәстүрлі оқу үрдісіне айналған. Абайдың175 жылдық мерейтойын Халықаралық онлайн ғылыми-тәжірибелік конференция ретінде атап өтіп, өзге елдердің де ғалымдарын тартуы оқу ордасына білім беруде қашықтықтың кедергі емес екенінің бір дәлелі болса керек.

Алимбетов Кайрбек Амандосұлы, "Қайнар" академиясы, "Тілдер және журналистика" кафедрасының аға оқытушысы




Көрілген: 477    Пікірлер: 0

сейсенбі, 05.05.2020, 13:48

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    1 Маусым, 15:52
    Балаларға базарлық!
    23 Сәуір, 15:14
    Жеңіс күні

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    маусым
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6 7
    8 9 10 11 12 13 14
    15 16 17 18 19 20 21
    22 23 24 25 26 27 28
    29 30