Жаңалықтар

Абай мұрасы және парасаттылық тақырыбы онлайн конференцияда талқыланды

  • Абай мұрасы және парасаттылық тақырыбы онлайн конференцияда талқыланды

    Абай мұрасы және парасаттылық тақырыбы онлайн конференцияда талқыланды

Ұлы Абайдың 175 жылдығы аясында мамырдың 5-і күні Д.Серікбаев атындағы ШҚМТУ-да «Абай мұрасы негізінде этикалық нормалар және академиялық адалық» тақырыбындағы онлайн конференция өтті. Еіліміздегі карантинге байланысты онлайн форматта өткен басқосудың пайдасы көп болды. 

Онлайн конференцияға университет оқытушылары мен студенттерінен бөлек ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің ШҚО бойынша департаментінің басшысы Жанна Қабдолдақызы, ШҚО Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаменті басшысының орынбасары Жігер Байдилдин және ҚР Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясы ШҚО бойынша филиалының профессоры Грызунова Галина мен аға оқытушысы Берекполова Гульфия, С. Аманжолов атындағы ШҚМУ, Қазақстан-Американдық еркін университетінің өкілдері қатысты.

Университеттің бірінші проректоры Сауле Рахметуллина конференция жұмысын ашық деп жариялап, академиялық адалықты сақтау қағидаларына және ұлы ойшылдың ұлттық заң жүйесіне қосқан үлесіне ерекше тоқталып өтті. Алғы сөзінде мемлекеттік қызмет істері агенттігінің ШҚО бойынша департаментінің басшысы Жанна Қабдолдақызы Абай ілімі негізінде студенттерді адалдыққа тәрбиелеуде оқу орынның рөлі ерекше екендігін айтып, конференция жұмысына сәттілік тіледі.

Онлайн конференция спикері ШҚО Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаменті басшысының орынбасары Жігер Байдилдин «Парасаттылық – сыбайлас жемқорлықпен күрестегі алғышарт» тақырыбында баяндама жасап, сыбайлас жемқорлыққа қарсы бағыттар мен міндеттерді айқындаған заңнамалардың тарихына тоқталып өтті. Жігер Еркінбекұлы өз сөзінде оқу орындарында сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жасауға ықпал ететін себептер мен жағдайлар туралы айтып, «Саналы ұрпақ» жобасы аясында болашақта студент жастарды бірігіп жұмыс істеуге шақырды. Келесі кезекте сөз алған спикерлер ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының ШҚО бойынша филиалының профессоры

Г.В Грызунова мен аға оқытушы Гульфия Берекполова білім алушылардың жеке адалдығын және өз жауапкершілігін дамытудағы академиялық адалдығының негізгі принциптеріне қатысты құнды ақпараттармен бөлісті. Г. Берекполованың «Жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастырудағы психологиялық-педагогикалық аспектілер» баяндамасында Абай дүниетанымындағы «ұлттық код» концепциясы, даланың ашық заңдары, отбасылық құндылықтар жайлы өте қызықты дәлелдер мен мағыналы ойлары көпшілік көңілінен шықты. Конференцияның онлайн қонағы ТарМПУ-дың

тәрбие жұмысы және әлеуметтік мәселелер жөніндегі проректоры Орынқыз Жолдасова «Академиялық адалдықтың саяси – мақсаты жоғары білім беру сапасын әлемдік стандарттарға сәйкестендіру, оның бәсекеге қабілеттілігін арттыру үшін оқытушылар мен студенттер арасында адалдық қарым-қатынастарын қалыптастыру, алаяқтыққа, жемқорлыққа, парақорлыққа жол бермеу болып табылады»,- деп академиялық адалдық саясатын бұзушылыққа қарсы қолданылатын жазалар мен тәртіптік шаралар туралы айтып, студенттерді мұндай келеңсіздіктерден аулақ болуға шақырды.

Конференция соңында сөз алған «Маркетинг» бөлімінің 3 курс студенті Ельдар Мубараков Абайдың он жетінші, отыз үшінші қара сөздеріне тоқталып, академиялық адалдық кодексінің талаптарын орындап, парасатты орта қалыптастыруға үндесе, Әйгерім Ертайқызы қатысушыларға өзінің дайындаған презентациясын таныстырып, «Елімізде кейбір ақпаратты немесе құжаттаманы көшіру өте танымал.Тіпті қарапайым студенттер де осындай тамыр-таныстық жолмен «жақсы» бағаға қол жеткізеді. Көптеген студенттер курстық және диссертациялық жұмыстармен айналысып, академиялық адалдықты ұмытып кетеді. Осындайда мынандай сұрақ туындайды: олар жалған жұмыс арқылы қандай білім алады? Шынымен де өмірде сәтті, шыншыл, мықты болуға болады, сонымен қатар өзің ештемені ойламастан көшіруге де болады, бірақ сіздің жадыңызда ештеме қалмайды»-, деп ойын түйіндеді. Сонымен қатар шетелдік оқу орындардың білім беру саясатын мысалға келтіріп, американдық студенттердің академиялық адалдық тұрғысынан өте жоғары деңгейде екенін атап өтті.

Эльвира Еркінбекова 




Көрілген: 829    Пікірлер: 0

сәрсенбі, 06.05.2020, 13:52

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    1 Маусым, 15:52
    Балаларға базарлық!
    23 Сәуір, 15:14
    Жеңіс күні

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    маусым
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6 7
    8 9 10 11 12 13 14
    15 16 17 18 19 20 21
    22 23 24 25 26 27 28
    29 30