Жаңалықтар

Абай шығармаларын оқу эстафетасы жалғасуда

  • Абай шығармаларын оқу эстафетасы жалғасуда

    Абай шығармаларын оқу эстафетасы жалғасуда

 Елдегі ахуалға байланысты «Жақыныңа жанашыр бол», «Кітап оқып, үйде бол» деген ұранды ұстанған қызылордалықтар әлеуметтік желі арқылы қолдау шараларын өткізіп келеді. Соның ішінде хакім Абайдың шығармаларын оқу арқылы бір-біріне демеу болуда. Абай Құнанбайұлының 175 жылдығына орай басталған эстафета бүгінгі күні де жалғасуда, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Онлайн шаралар легін Абай туындыларымен көмкерген Сыр халқы Абай өлеңдерін кезекпен оқып, бір-біріне жолдау үстінде.

Мәселен, Түгіскен ауылдық кітапханасының тұрақты оқырманы Мөлдір Абуталипова Абайдың «Жасымда ғылым бар деп ескермедім» өлеңін мәнерлеп оқыса, Қармақшы аудандық орталық кітапханасының оқырманы Райда Мұқамедқалиқызы «Жазғытұры» өлеңін оқыды. Сонымен бірге, жас оқырман Жансая Елтай ұлы Абайдың «Заманақыр жастары» атты көкейге ой салалр өлеңін жолдады. Одан әрі оқырмандарға қызмет көрсету орталығының оқырманы Ақбота Сәбитова «Ғылым таппай мақтанба» өлеңін оқып берді.

Эстафета барысында Абайдың табиғат лирикасымен байланысты өлеңдеріне көпшіліктің ықыласы ерекше. Ақынның ой-сезімі, жан дүниесі тереңірек ашылған «Күз», «Қыс», «Жаздыгүні шілде болғанда» сынды көптеген өлеңдерімен қатар, өрендер қазақтың бас ақыны Абай Құнанбайұлына арнау өлеңдерін оқыды.

Skifnews.kz




Көрілген: 337    Пікірлер: 0

жұма, 17.07.2020, 18:06

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    қыркүйек
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6
    7 8 9 10 11 12 13
    14 15 16 17 18 19 20
    21 22 23 24 25 26 27
    28 29 30