Жаңалықтар

АБАЙ ШЫҒАРМАШЫЛЫҒЫНДАҒЫ РУХАНИ-АДАМГЕРШІЛІК БІЛІМНІҢ ТЕРЕҢДІГІ

  • АБАЙ ШЫҒАРМАШЫЛЫҒЫНДАҒЫ РУХАНИ-АДАМГЕРШІЛІК БІЛІМНІҢ ТЕРЕҢДІГІ

    АБАЙ ШЫҒАРМАШЫЛЫҒЫНДАҒЫ РУХАНИ-АДАМГЕРШІЛІК БІЛІМНІҢ ТЕРЕҢДІГІ

Абдикеримова Назира Жорабекқызы,
 «Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы
Жамбыл облысы бойынша ПҚ БАИ мектепке
дейінгі тәрбиелеу және инклюзивті
білім беру кафедрасының аға оқытушысы, Тараз қаласы

 Білімді, рухани дүниесі бай халық қана қоғамдық дамудың биік сатысына көтерілмек. Осы қағиданы берік ұстанған Абай шығармашылығы   рухани-адамгершілік білімнің қайнар көзі. Білім, ғылымды сөз етіп, адамгершілік пен ақыл, ар-ұят яғни адам бойындағы рухани байлықты басты орынға шығарады.   Абай өзінің  шығармаларында «Адам &ndash ол кім?» &ndash деген сұраққа жауап бере отырып, адамның адамдығы &ndash сүйіспеншілігінде, әділеттілігінде және шынайылығында деп мәнін ашады. Адамдардың бұл қағидасыз  өмір сүруі мүмкін емес, яғни «Адамға адам дос» деп тұжырым жасайды.
Сонымен қатар Абай атымыздың шығармашылығындағы басты тақырыптардың бірі адамның адамшылдығы, жақсы мен жаманды ажырата білудің қажеттілігі, толық адам болып қалу мәселелеріне де арналғандығы. Барлығымызда бала күнімізден «Бес нәрседен қашық бол, Бес нәрсеге асық Адам болам десеңіз» деп келетін өлең жолдарын жаттап өстік.  Осы өлең жолдары  арқылы адамгершілік тәрбиенің негізін түсінуге болады.
Абайдың «Он жетінші сөзі» қайрат, ақыл, жүрек, ғылымға арналады. Алдыңғы үшеуі адам үшін өздерінің атқаратын жұмыстарын айта келіп, әр  қайсысы өзін бірінші орынға қойып таласады да, ғылымға төрелікке жүгінеді. Ғылым үшеуінің де жақсылы, жаманды қасиеттерін дәл сипаттап, әділ сынайды. Жеке &ndash жеке үшеуінде де кемшілік бар. «&hellipОсы үшеуің басынды қос, оның ішінде жүрекке билет», &ndash деп үкім шығарады. «Егер үшеуің ала болсаң, мен жүректі жақтаймын», &ndash дейді оларға ғылым. Демек,  Абай шығармашылығында жүректі, яғни адам &ndash адамды сүю, адам үшін қызмет етуді бірінші орынға қояды. Осы ойын «Адамзаттың бәрін сүй бауырым деп&hellip» &ndash деп аталатын  сөзі арқылы нақтылай түскендей. Осы сөзді оқыған сайын, осы сөзді айтқан сайын барлық адам бір-біріне бауыр болса неге қазіргі біздің қоғамда кейбір келеңсіз жағдайлар орын алады деп қынжыламын. Бірақ ғылым бойынша да, Абайша да ең идеал нәрсе &ndash осы үшеуінің бірлігі. «Осы үшеуі (ақыл, қайрат, жүрек) бір кісіде менің айтқанымдай табылса, табанының топырағын көзге сүртерлік қасиетті адам сол», &ndash дейді. Бұл ойын Хәкім Абайдың  Үш-ақ нәрсе адамның қасиеті «Ыстық қайрат, нұрлы ақыл, жылы жүрек», &ndash деген ойымен тереңдете түсуге болады.
Абай шығармашылығындағы рухани-адамгершілік білім мен тәрбие мәселесін қозғайтын келесі еңбегінің  бірі  &ndash «Отыз алтыншы сөзі». Бұл қара сөзінде  ұят туралы мәселеге айрықша тоқталады.  Өз кезегінде ұяттан, ардан безгендерді сынай келіп, ұят және оның түрлерін сөз етеді. Ұяттың бір түрі &ndash адамның балалық дәуірінде болатын табиғи құбылыста, екіншісі &ndash жасықтық, ынжықтықпен байланысты. «Ұялмас нәрседен ұялған ұялу &ndash ақымақтық, жамандық», &ndash дей келіп, шын мәніндегі ұят қандай болу керек деген сұраққа жауап береді.
«Ұят деген &ndash адамның өз бойындағы адамшылығы, иттігіңді ішіңнен өз мойныңа салып, сөгіп, қылған қылмысының аты. Ол уақытта тілге сөз де түспейді, көңілге ой да түспейді. Көздің жасын, мұрынның суын сүртіп алуға да қолың тимейді, бір ит боласың. Көзің кісі бетіне қарамақ түгіл, еш нәрсені көрмейді. Мұндайлыққа жетіп ұялған адамға өкпесі бар адам кешпесе, яки оның үстіне тағы аямай өртендіріп сөз айтқан кісінің өзінің де адамшылығы жоқ десе болар», &ndash дейді. «Ұят кімде болса, иман сонда» деген қазақтың мақалынан да ұятқа үлкен мән бергенін көреміз.
Сондықтан да ұлы ақынымыз Абай да бұл мәселеге аса көңіл бөліп, өскелең ұрпақтың ар-ұятын таза сақтауын арман еткен. Бұл шығармасының да қазіргі уақытта өскелең ұрпаққа рухани-адамгершілік білім мен тәрбие беруде маңызы  зор.
Абай мұрасын толық зерделеп, шығармашылығының шегіне жету мүмкін емес деп ойлаймын, әр еңбегін оқыған сайын тереңнің тұңғиына сүңгіп, жаңа қырынан түсініп, тани түсуге ұмтыласың. 




Көрілген: 571    Пікірлер: 0

сәрсенбі, 06.01.2021, 20:24

Достарыңмен бөліс:



  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    29 Наурыз, 16:06
    Тарихи күн

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    сәуір
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4
    5 6 7 8 9 10 11
    12 13 14 15 16 17 18
    19 20 21 22 23 24 25
    26 27 28 29 30