Жаңалықтар

Адал жолмен жарқын болашаққа!

  • Адал жолмен жарқын болашаққа!

    Адал жолмен жарқын болашаққа!

Д.Серікбаев атындағы ШҚМТУ және «Шығыс-Адалдық Алаңы» жобалық кеңсесінің ұйымдастыруымен «Адал жолмен жарқын болашаққа!» атты онлайн вебинар өткізілді. Онлайн вебинарға жоғарғы оқу орындарының өкілдері, облыстағы білім беру ұйымдарының басшылары мен қызметкерлері қатысты.

Онлайн кездесудің басты қонағы, спикер сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің республикалық «Sanaly urpaq» жобалық кеңсесінің басшысы Қайыржан Ахметбекұлы Токушев «Республикалық «Саналы ұрпақ» жобалық кеңсесі 2018 жылы құрылды. Қазақстандағы 127 жоғары оқу орнының 38-і Алматыда орналасқан. Алматылықтардың төрттен бір бөлігі білім саласында (мектеп оқушылары, студенттер, оқытушылар) екен. Осыған орай, республикалық «Саналы ұрпақ» жобасының кеңсесін білім саласының ошақтары шоғырланған Аламаты қаласынан ашуды ұйғардық. «Саналы ұрпақ» – бәріміздің мақсат-мүддемізді бір арнаға тоғыстыратын, жемқорлыққа қарсы белсенділігімізді біріктіретін және жоғарыда аталған келеңсіздіктердің жолын кесетін жоба болғандықтан, бірлесіп жұмыс істеуді қолға алу қажет, -деп «Саналы ұрпақ» жобалық кеңсесінің жұмыс бағыттарына тоқталып өтті.

Сонымен қатар, Қайыржан Ахметбекұлы сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторинг жүргізу және сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарттарды қабылдау, өз мекемелерінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу және сыбайлас жемқорлық қылмыстары үшін жеке жауапкершілік мәселелерін кеңінен талқылады. Вебинар барасында спикер «PUBLICBUDGET.KZ сайтындағы «Ашық бюджеттердің интерактивті картасы» жобасы туралы кеңінен ақпарат берді:

- Жемқорлықтың алдын алу, соның ішінде білім беру саласындағы білім және ғылым гранттарын бөлу, бюджет қаржысын игеру, басшы құрамды іріктеу, білім беру ұйымдары қызметкерлерінің категориясы мен жүктемесін анықтау мәселелері ашық жүргізіледі. Кез келген адам қажетті нысанды басып, өз ескертуін қалдырып, білім сапасына риза болмаса, құқық бұзушылықтар туралы дереу хабарлай алады.

Республикалық «Саналы ұрпақ» жобалық кеңсесінде дайындалған «Қазақстан Республикасындағы білім беру нысандарындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетін қалыптастыру әдістемесі» оқу құралымен таныстырып, қатысушыларға көмек ретінде электрондық нұсқасын ұсынды.

Келесі кезекте сөз алған спикер сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің ШҚО бойынша департаменті басшысының орынбасары Жігер Еркінбекұлы Байдилдин жастар арасында адал және парасатты ортаны қалыптастыру мақсатында атқарылып жатқан шараларға тоқталса, спикер

ШҚО білім басқармасы басшысының орынбасары Айгуль Оралгазиновна оқу орындарының бірлесіп жұмыс істеуді, білім беру саласындағы жемқорлықты жою және сыбайлас жемқорлық көріністеріне төзбейтін ортаны қалыптастыру бойынша бірқатар тәсілдерді ұсынды. Вебинар соңыңда «Шығыс-Адалдық Алаңы» жобалық кеңсесінің жетекшісі Маржан Бақыт жалпы облыстағы сыбайлас жемқорлық көріністеріне тоқталып, мемлекеттік мекемелердің жұмысына қоғамдық бақылау орнату, қарапайым халықтың құқықтық сауатын ашу және күделікті өмірде байқала бермейтін ҰБТ жағдайындағы оқушының ұялы телефон алып кіруінің өзі сыбайлас жемқорлыққа бастамасы екендігін айтты. Бір ғана қарапайым мысал арқылы ұстаз алдындағы үлкен жауапкершілік пен қылмысқа бастайтын жолдың көзге көрінбейтін тұстарын ашып берді.

Іс шара соңында университеттің Бірінші проректоры Сауле Рахметуллина қатысушыларға алғыс білдіріп, вебинар жұмысын қорытындылады.




Көрілген: 633    Пікірлер: 0

жұма, 19.06.2020, 15:10

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    27 Қыркүйек, 00:14
    БАЛАНЫҢ КӨЗІНШЕ...

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    қыркүйек
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6
    7 8 9 10 11 12 13
    14 15 16 17 18 19 20
    21 22 23 24 25 26 27
    28 29 30