Жаңалықтар

Адалдықты мұра еткен Ұлы Абай

  • Адалдықты мұра еткен Ұлы Абай

    Адалдықты мұра еткен Ұлы Абай

Ұлы Абай «Адам ата-анадан туғанда есті болмайды: естіп, көріп, ұстап, татып ескерсе, дүниедегі жақсы, жаманды таниды дағы, сондайдан білгені, көргені көп болған адам білімді болады». Адам баласы анадан туғанда аппақ парақ тәрізді тап-таза болатыны анық. Уақыт өте жан құмары мен тән құмары адамды өзгертеді. 

Адам қоғамдағы түрлі топтардың ортасынды, түрлі адамдардың өмір ақиқаттарының аясында өмір сүреді. Өмір ақиқаты дегеніміз не? Өмір ақиқаты ол – байланыстар, ықыластар, көркем шежіре, мінездер, қайшылықтар. Әр пенденің өмір ақиқаты мен құндылықтарына сәйкес көтерер жүгі де әртүрлі болады. Жалпы өмір ақиқатының адалдыққа келіп тірелгені дұрыс. Адалдық – әрбір дүниенің бастауы. Құдайға, еліңе, ата-анаңа, ұстаздарыңа, махаббатыңа, достыққа, ең бастысы өзіңе «адал» болу – ұрпағыңа қалатын ең үлкен мұра. Біздің бойымыздағы асыл қасиеттерді тәрбиелейтін құрал – әдебиет. Әдебиет – рухани байлықтың көзі. Рухани бай адам – рухы мықты адам. Ол топтардың, тараптардың айдауына көнбейтін, өз сертінде берік тұратын, өзінің қағидаттарынан бас тартпайтын адам. М.Горькийдің «Адам үлкен әріппен жазылатын сөз», «Әрбір адам өз ақиқатын дұрыс таппаса, тұңғиыққа түсіп кетуі заңдылық» сынды сөздері ой салады. Адалдық ол – тазалық, сенім, парасат, ынсап, ар, ұят, есеп, жауапкершілік. Осы адалдық сөзінің мәнін ашатын ұғымдардың барлығы дерлік Абайдың өнегесінен орын тапқан. Абай қазақ халқына өшпес мұра қылдырған «ірі тұлға». Абайдың танымы мен түсінігі бүкіл қазақ халқының болмысын анық көрсететін көрсеткіш десек, қате айтқанымыз емес. Абайдың жалпы шығармашылығы адал еңбек, таза жүрек, қажымас қайрат, нұрлы ақыл сияқты тақырыптарға негізделеді. Абай «қандай тірлік істесең де адал істе, бос жатпа, кәсіп тап, еңбек ет» дегенді насихаттайды. Абайдың шығармашылығы ол бір – ғылым. Абай үшінші қара сөзінде «Қазақтың бірінің біріне қаскүнем болмағының, бірінің тілеуін бірі тілеспейтұғынының, рас сөзі аз болатұғынының, қызметке таласқыш болатұғынының, өздерінің жалқау болатұғынының себебі не? Һәмма ғаламға белгілі данышпандар әлдеқашан байқаған: әрбір жалқау кісі қорқақ, қайратсыз тартады; әрбір қайратсыз қорқақ, мақтаншақ келеді; әрбір мақтаншақ қорқақ, ақылсыз, надан келеді; әрбір ақылсыз надан, арсыз келеді; әрбір арсыз жалқаудан сұрамсақ, өзі тойымсыз, өнерсіз, ешкімге достығы жоқ жандар шығады». Жалқау, әрі қызметке таласқыш адам – жемқор адам. Жалқаулық қорқақтыққа, қорқақтық мақтаншақтыққа, мақтаншақтық надандыққа алып келеді. Ал надан адам – адалдық сынды қасиеттен мақрұм адам. Абай он сегізінші қара сөзінде «Тегінде, адам баласы адам баласынан ақыл, ғылым, ар, мінез деген нәрселермен озбақ. Онан басқа нәрсеменен оздым ғой демектің бәрі де – ақымақтық». Абай айтқан нәрселері бар адам ғана, ұлтына, еліне, дініне, діліне, қоғамға, өзіне адал қызмет жасай алады. Адамды құртатын, тоздыратұғын нәрсе – өтірік, ұрлық, тамағы тоқтық, жұмысы жоқтық. Абай тіліндегі ұрлық, өтірік ол бүгінгі күндегі – жемқорлық пен көзбояушылық. Қазақ қолдан келетін іспен айналыспайды, қазақ құр мақтаншақтыққа бой алдырып, бастық болуға, дәрежелі адам болуға талпынады. Сол бастықтық, сондай бір қызмет адал жолмен келсе, кәні? Адалдықпен басталмаған шаруаның берекесі де, мерекесі де болмайтындығын дініміз исламнан да білеміз. Адал болу – әрбіріміздің жеке басымыздан басталады. Өзіңді түзе, сонда сенің ұрпағың да адал перзенттер қатарынан болары анық. Адам қоғамдағы – ағаш, әрбіріміздің сол қоғамға түсіретін көлеңкеміздің адал болуы, игі қоғам құруымыздың кепілі. Адалдық түптеп келгенді кемел тұлға мен мықты қоғамның, рухы берік елдің, тәуелсіз ой мен сананың іргетасы. 

Абдреш Аяулым Бекболатқызы

Алматы жолаушылар көлігі және технологиялар колледжінің

қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің оқытушысы

 




Көрілген: 351    Пікірлер: 0

сейсенбі, 19.05.2020, 11:18

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    1 Маусым, 15:52
    Балаларға базарлық!
    23 Сәуір, 15:14
    Жеңіс күні

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    маусым
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6 7
    8 9 10 11 12 13 14
    15 16 17 18 19 20 21
    22 23 24 25 26 27 28
    29 30