Жаңалықтар

Аделина Елемесова әлемдегі ең беделді екі бірдей университетке қабылданды

  • https://egemen.kz/

    https://egemen.kz/

Наурыз айында Елемесовтер отбасына сүйіншілеген хабар бірнеше елден қатар жетті. Бұл – Аделинаның әлемдегі ең беделді университеттерге қабылданғаны туралы ресми хаттар болатын.

 

Осылайша, Халықаралық бакалавриат (IB) Назарбаев Зияткерлік мектебінің оқушысы Аделина Елемесова Плющ Лигасының екі бірдей университетінің болашақ студенті атанып шыға келді.

 

Плющ Лигасының Колумбия және Корнелл сияқты ең әйгілі университеттері қазақстандық түлекті студент ретінде қабылдауға дайын. Сонымен қатар талапты жас Northwestern University (АҚШ), Amherst College (АҚШ), YaleNUS (Сингапур), Duke Kunshan University (Қытай) оқу орындарынан шақырту алды.

 

Бүгінгі күндері Аделина қай университетті таңдайтыны туралы шешім қабылдайды. Дегенмен дарынды қыз өзінің мамандығы ғылым және жасанды интеллектпен байланысты болатынын анық біледі.

 

Нұр-Сұлтан қаласындағы Халықаралық бакалавриат (IB) Назарбаев Зияткерлік мектебінің 12-сынып оқушысы Аделина Елемесова – еріктілер қозғалысының және TEDx жобалардың белсенді қатысушысы, теннистен қалалық және республикалық турнирлердің чемпионы. 

 

egemen.kz




Көрілген: 434    Пікірлер: 0

сәрсенбі, 01.04.2020, 14:07

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    1 Маусым, 15:52
    Балаларға базарлық!
    23 Сәуір, 15:14
    Жеңіс күні

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    маусым
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6 7
    8 9 10 11 12 13 14
    15 16 17 18 19 20 21
    22 23 24 25 26 27 28
    29 30