Жаңалықтар

Ағасының мәйітін жеті ай үйінде сақтаған мұғалім жұмыстан шығарылды

  • https://smotrim.ru/

    https://smotrim.ru/

  • https://smotrim.ru/

    https://smotrim.ru/

Атырауда туған ағасының мүрдесін жеті ай бойы үйінде сақтаған мұғалім  жұмыстан шығарылды. Бұл  туралы аймақтың бас ұстазы Сатқан Есенғалиев мәлімдеді.  Облыстық білім  басқармасы басшысының айтуынша, биология пәнінің мұғалімі мектеп директорының  шақыртуына құлақ аспаған.

 

Сатқан ЕСЕНҒАЛИЕВ, АТЫРАУ ОБЛЫСТЫҚ БІЛІМ  БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ:

 

– Мектеп әкімшілігі өздерінің педагогикалық кеңестеріне , қорғаншылық кеңестеріне немесе әдеп кеңестеріне шақыртқан бірнеше рет. Сол бойынша шақырту қағаздарын жіберген. Соған аталған педагог  бас тартып келмей отыр шақыртуға. Соған байланысты «Еңбек» кодектерінің талаптарына сәйкес босатып отыр. Әрине ол кісінің құқығы бар шағымдануға.

 

Естеріңізге салайық,  елдің үрейін ұшырған сұмдық оқиға биыл  қаңтар айында Таңдай ауылында болды. 82 жастағы қарияның мәйіті өз ауласынан табылған.  Бірақ қылмыстық құрам болмауына байланысты полиция істі қысқартқан. 

 

Бірақ   елдімекен  халқы ағасының денесін ұзақ уақыт сақтаған қарындасының, яғни мектеп мұғалімінің жұмыстан кетуін  талап еткен болатын. 

 

Шешім қабылдауда  оқушылардың қауіпсіздігі ескерілді,- деді аймақтың бас ұстазы. 

 

Ал отыз жылдан аса тәжірибесі бар мұғалім  бұған қатысты  сұхбат беруден бас тартты.

 

 

 

astanatv.kz




Көрілген: 486    Пікірлер: 0

сенбі, 11.09.2021, 09:17

Достарыңмен бөліс:





  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    23 Қазан, 00:34
    Ұстаз мерейі
    24 Қыркүйек, 17:13
    Табиғаттың өзі емші!

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    қазан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3
    4 5 6 7 8 9 10
    11 12 13 14 15 16 17
    18 19 20 21 22 23 24
    25 26 27 28 29 30 31