Жаңалықтар

Әкім орынбасары мектеп директорларынан ақша жинаған

  • © BAQ.KZ

    © BAQ.KZ

ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің департамент директоры Арман Бердалин ҰБТ кезінде аудан әкімі орынбасараының Білім және ғылым министрлігінен өңірлерге жіберілген комиссия өкілімен "кездесу ұйымдастырамын" деп мектеп диреткорларынан ақша жинау фактісінің анықталғанын мәлімдеді.


Агенттік тұлғалардың мемлекет ішіндегі іссапарға барғанда қызметтік өкілеттіктерін асыра пайдалану мәселесі мен төменгі құрылымдарды тексеру мәселесін бақылауға алды. Бұған облыстық, аудандық, ауылдық деңгейдегі мемлекеттік қызметшілердің әлеуметтік желілер арқылы тұрақты түрде түсетін шағымдары негіз болған.


Биыл 20 маусымнан 30 маусымға дейін барлық өңірде ҰБТ өткізіліп, Агенттік өңірлерге Білім және ғылым министрлігінің 169 комиссиясының қызметіне оперативтік қолдау көрсеткен. Әрбір комиссияның құрамына 15 адам кірген. Оның ішінде мұғалімдер, техникалық қызметкерлер, бағдарламашылар және т.б. бар.


"Осы жұмыстың нәтижесінде біз қылмыстық құқық бұзушылық фактілерін анықтадық. Мәселен, Ақтөбе облысында Мұғалжар ауданы әкімінің орынбасары, Қандыағаш қаласы №4 мектебінің директоры Білім және ғылым министрлігінің комиссиясымен кездесулерін ұйымдастыру үшін (тұру, тамақтану, бос уақыт және т.б.) жалпы білім беру және мектепке дейінгі мекемелердің директорларынан ақша жинау фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Жиналған ақшаның жалпы сомасы 540 мың теңгені құрады", - деп айтты ол.


Бұған дейін хабарлағанымыздай, ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің департамент директоры Арман Бердалин агенттікте өткен брифингте Қостанай облысы Әулиекөл ауданы әкімінің парамен ұсталғанын мәлімдеді.


 BAQ.KZ




Көрілген: 519    Пікірлер: 0

бейсенбі, 04.07.2019, 17:23

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    1 Сәуір, 10:35
    Жыл басы – Наурыз

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    шілде
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6 7
    8 9 10 11 12 13 14
    15 16 17 18 19 20 21
    22 23 24 25 26 27 28
    29 30 31