Жаңалықтар

Әкімдік сенбілікке шығуға міндеттеген мұғалімдер не істеуі керек: Вице-министр түсіндірді

  • Әкімдік сенбілікке шығуға міндеттеген мұғалімдер не істеуі керек: Вице-министр түсіндірді

    Әкімдік сенбілікке шығуға міндеттеген мұғалімдер не істеуі керек: Вице-министр түсіндірді

Білім вице-министрі Шолпан Каринова сенбілікке шығуға мәжбүр болған мұғалімдердің қайда жүгінуге болатынын айтты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

"Кез келген мұғалім баршаға қолжетімді жерде орналасқан білім мен ғылым саласындағы сапаны қамтамасыз ету департаменттерінің телефондарына қоңырау шала алады. Ақпарат білім бөлімдерінің барлық ресми парақшаларында бар", - деді ол.

 
Ол мұғалімдерді әдеттен тыс жұмысқа тарту фактілері бойынша 200-ден астам әкімшілік іс қозғалғанын және олар бойынша шешімдер қабылданғанын атап өтті. Семейде екі мектеп директорына, білім бөлімінің басшысы мен әкімнің орынбасарына қатысты әкімшілік іс қозғалған.

Еске салайық, 17 қазан күні Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов Семейдегі мұғалімдер әкім орынбасарының тапсырмасы бойынша жұмыстарын тоқтатып, көше тазалауға жіберілгенін жазған болатын. Ол мұғалім мәртебесі туралы заңды бұзғаны үшін қала әкімінің орынбасары мен білім бөлімінің басшысы жауапқа тартылатынын мәлімдеген.

Әкімдік өз кезегінде сабақты тоқтатуға тапсырма берілмегенін алға тартып, сабақтар онлайн режимде өтілгенін айтқан. Сонымен қатар, Семей қаласы әкімінің орынбасары Димитрий Гариков бұл жерден ешқандай мәселе көріп тұрмағанын жеткізген.




Көрілген: 594    Пікірлер: 0

сәрсенбі, 20.10.2021, 14:55

Достарыңмен бөліс:





  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2022
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    2022
    қаңтар
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29 30
    31