Жаңалықтар

Әкімдіктер компьютер сатып алуда білім министрлігі қойған талаптарды бұзған

  • © ҚазАқпарат

    © ҚазАқпарат

Білім және ғылым вице-министрі Рүстем Биғари жергілікті әкімдіктердегі білім басқармалары басшыларына компьютерлерді сатып алуға байланысты ескерту жасады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

 

Жиналыста жергілікті атқарушы органдардың республикалық бюджет қаражаты есебінен компьютерлік техниканы сатып алуы және техниканың жеткізілуі бойынша мәселелер қаралды.

 

Рүстем Биғари Мемлекет басшысы қойған міндет орындалып, бірінші қыркүйекке дейін оқушыларға қашықтан оқу үшін қажет 500 мыңға жуық компьютер жеткізілгенін атап өтті.

 

Әкімдіктер мектептерге компьютерлік техниканы сатып алу бойынша жұмысты әлі де жалғастырып жатыр. Алайда, бірқатар өңірде техниканы жеткізу мерзімдері, лицензиялық қамтамасыз ету, кепілдік беру және сервистік қызмет көрсетуге байланысты проблемалар туындады.

 

«Біз бұл мәселелерді аппараттық жиналыста бірнеше рет қарастырдық. Бұл &ndash мемлекет қаражаты. Әрбір компьютерлік техниканы сатып алу тікелей сіздердің мойындарыңызда. Ашықтықты толық қамтамасыз ету қажет. Әрбір әкімдік алдымен компьютерлік техниканы тексеріп алған соң ғана оны қабылдап, оқушыларға жеткізулері қажет. БҒМ сатып алу процесіне қатыспайды. Үкімет әкімдіктерге қажет қаражатты жедел беріп, жағдай жасады», &ndash деп атап өтті білім және ғылым вице-министрі Рүстем Биғари.

 

Білім алушыларды қажетті ақпараттық ресурстар және компьютерлік техникамен қамтамасыз етуге бөлінген қаражаттың игерілуі бойынша сыбайлас жемқорлық көріністерін бақылау әрі болдырмау мақсатында «Adaldyq alańy» жобалық кеңсесінің өкілдері мен Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің арнайы мониторингтік топтарының мүшелерінің қатысуымен мониторинг жүргізу үшін 2020 жылғы шілде айында БҒМ Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігіне хат жолдағанын естеріңізге сала кетейік.

 

 «Ия, бұрын-соңды техниканы осындай көлемде сатып алу болған емес. Әрине, пандемия мен логистика мәселелеріне байланысты кедергілер болуы мүмкін. Жеткізушілердің мұндай сылтауларына қарамай, олардан тиісті жұмысты талап етуіміз керек. Қолда бар барлық механизмді пайдалану керек еді. Кепілдік қызмет көрсету, сапа болуы керек», &ndash деді білім және ғылым вице-министрі.

 

 




Көрілген: 189    Пікірлер: 0

дүйсенбі, 09.11.2020, 22:02

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    6 Қаңтар, 18:48
    Мен жаңашыл ұстазбын
    20 Желтоқсан 2020
    Менің ұстазым...
    14 Желтоқсан 2020
    Тәуелсіздік туралы эссе

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    қаңтар
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3
    4 5 6 7 8 9 10
    11 12 13 14 15 16 17
    18 19 20 21 22 23 24
    25 26 27 28 29 30 31