Жаңалықтар

Ақтаудағы мектепте жоғары сынып оқушылары физика пәнін оқымаған

  • https://goo.kz/

    https://goo.kz/

Ақтаудағы №6 мектептің 9-11 сынып оқушылары бір тоқсан бойы физика пәнін оқымаған, деп хабарлайды «Хабар 24»

Ұлттық бірыңғай тестілеу алдында балаларының болашағына алаңдаған ата-аналар прокуратураға арызданады. Жоспардан тыс тексеріс жүргізген облыстық білім саласының сапасын қамтамасыз ету департаменті арызда көрсетілген деректердің растығын анықтады. Физика пәнінің мұғалімі болмағандықтан, оқушылар бұл сабақты өтпепті.

Сәйкесінше, Әкімшілік кодекстің 409-бабымен іс қозғалып, білім ошағына айыппұл салынды. Сонымен қатар мектеп лицензиясы 6 айға дейін тоқтатылды.

«Бұл – мектеп жабылды, жұмысын тоқтатты деген сөз емес, оқу процесі жалғасып жатыр», - деді департамент басшысы.

Есболат Өмірзақов, облыстық білім саласының сапасын қамтамасыз ету департаментінің басшысы:

- Мектеп әкімшілігі жұмыс жүргізіп, сол кемшілікті жөндегеннен кейін лицензияның күші қалпына келтіріледі. Қазір мектептен хат келді, физика пәнінің мұғалімі жұмысқа алынып, қазір сабақтар жүріп жатқандығын, өтпеген сабақтардың қосымша кестеге қойылып, өтіп жатқандығын айтып отыр. Сондықтан бұл жерде ата-аналардың да алаңдаушылық білдіруінің қажеті жоқ. Мектеп өзінің жұмысын ары қарай жалғастыра береді.

 




Көрілген: 685    Пікірлер: 0

сәрсенбі, 22.01.2020, 09:52

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    26 Наурыз, 23:08
    Мектепте оқу қауіпті
    1 Наурыз, 20:14
    Алғыс айтып жүрейік...

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    сәуір
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5
    6 7 8 9 10 11 12
    13 14 15 16 17 18 19
    20 21 22 23 24 25 26
    27 28 29 30