Жаңалықтар

Ақтөбе қаласында өткен фестивальде 20 шақты көгершін көпшілік назарына ұсынылды

  • Ақтөбе қаласында өткен фестивальде 20 шақты көгершін көпшілік назарына ұсынылды

    Ақтөбе қаласында өткен фестивальде 20 шақты көгершін көпшілік назарына ұсынылды

Ақтөбелік құс өсірушілер бір-бірімен тәжірибе алмасып, пікірлесіп тұрады. Олар көгершіннің түр-түрін қолға үйретіп, одан шабыт алады, қуаттанады. Күні кеше «Геолог» мәдениет үйінде өткен халықаралық көгершіндер фестивалінде осыған көзіміз жетті. Байрақты басқосуға Өзбекстанның, Ресей Федерациясы Қазан, Орынбор аймағының және Шымкент, Тараз, Қызылорда, Атырау, Қарағанды қалаларының құс өсірушілері қатысты.

Фестиваль аясынндағы көрмеде көпшілікке бейбітшілік құстарының 20-дан астам түрі ұсынылды. Жиын басталар алдында Ақтөбе қаласы әкімінің орынбасары К.Айдарханова мен Ақтөбе қаласы «Алматы» ауданының әкімі А.Әлімбаев тұрғындар мен қатысушыларды құстар мерекесімен құттықтады. Фестиваль барысында жәрмеңке мен концерттік бағдарламадан бөлек, 3 номинация бойынша жарыстар өтті. 




Көрмеге қатысқан құсшылардың ең үлкені – 70 жастан асқан Аманбай Сатыбалдиев. Ол көгершіннің Ақтөбеде жоқ түрлерін ғана асырайды. «1956 жылдан бері көгершін ұстаймын. Өзгелерге «сен өмірге келгенде мен көгершін бағып жүргенмін» деп айтамын. Жасын 72-де. Менің асырауымдағы көгершіндер 8 сағат бойы ұша алады. Мен содан күш қуат аламын. Таңғы 6-да тұрып, бірнеше сағат бойы аспанға қараймын, ұшып жүрген құстың әдемілігіне тамсанамын. Көгершіннің ирандық, пәкістандық түрі бар өзімде. Өзгелердің қолы жетпейтіні де осы», дейді қария. 



Соңғы рет Ақтөбе қаласында көгершіндер фестивалі 2011 жылы өткен екен. Барлық қатысушылар іс-шараның жоғары деңгейде ұйымдастырылғанын атап өтті. «Биылғы жылды Елбасы тапсырмасымен Жастар жылы деп атадық. Осы іс-шараның мақсаты да сол, кейінгі буынды татулыққа, бірлікке шақырып, жақсылыққа баулу болып табылады. Көпшілікке мәлім, көгершін құсы – бейбітшіліктің, ынтымақтың сыимволы. Сондықтан да бұл басқосуға өзге мемлекеттерден қонақтарды шақырдық, олар белсенді атсалысты. Сонымен қатар еліміздің облыстарының аудандарынан, елдімекендерінен де тұрғындар көптеп қатысты.

Жалпы көгершіннің 360-тан астам түрі болатын болса, мұндағы көрмеге жиырма шақты қанатты досымызды көпшілікке таныстырдық. Енді осындай шараны жыл сайын ұйымдастырып, дәстүрге айналдырсақ деген ойдамыз», дейді «Ақтөбе құсшылары» қорының мүшесі Нұрбек Қуатов..

Жиынға Өзбекстаннан келген делегацияны бастап келген Надирбек Джабаровтың айтуынша, құстарға деген адамдардың құрметін арттыратын мұндай басқосулар жалғасын табу керек. «Біз Қазақстанның оңтүстіктегі көршісі өзбек елінен келіп отырмыз. Көгершіннің бірнеше түрін қонақтарға ұсындық. Ақтөбе облысының басшылығына бейбітшілікті насихаттайтын, ынтымағымызды жарастыратын осындай басқосу ұйымдастырғанына ризашылығымды білдіргім келеді» дейді ол.



 





Көрілген: 609    Пікірлер: 0

сейсенбі, 26.02.2019, 12:48

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    30 Қараша, 02:44
    Біз жастарға сенеміз
    17 Қыркүйек, 18:06
    Тіл – татулық тірегі

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    желтоқсан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1
    2 3 4 5 6 7 8
    9 10 11 12 13 14 15
    16 17 18 19 20 21 22
    23 24 25 26 27 28 29
    30 31