Жаңалықтар

Ақтөбеде жаңа рекорд – 150

  • Ақтөбеде жаңа рекорд – 150

    Ақтөбеде жаңа рекорд – 150

Кеше Ақтөбе қаласындағы «Өнер орталығы» концерт залында өткен музыкалық кеште Ғ.Жұбанов атындағы облыстық филормонияның 25 әншісі рекорд жасады. Олар әр 20 минут сайын 150 мәртеден «Ақтөбе» сөзін әнге қосып, бір сағатта 450 рет «Ақтөбе» деп айтты. Бір қызығы, мұндай оқиға еліміздің ешбір қаласында болмаған.

Биыл Ақтөбе облысының орталығы Ақтөбе қаласының ірге қалағанына 150 жыл толады. Мерейтойдың алғашқы шарасы осылай басталды. Облыстық өнер ұжымының «Құтты мекен Ақтөбем» атты концертіне ҚР еңбек сіңірген қайраткері М.Әйтімов, мәдениет саласының үздіктері Орал-Қосай Байсеңгір, Ж.Нұрқасымова, белгілі әншілер Г.Сағынғанова, А.Мәжікбаев, Д.Айтжанов, А.Мақашев, М.Сапарова, А.Төлесінов, Ж.Бекбосынов, М.Есетов, Г.Бөрібасова, А.Естілеуова, Е.Құмаров, Н.Омаров, С.Бегіман, А.Уразова, Ә.Шәкіров, Е.Алданазаров, Б.Балмағамбетова, Е.Дүйсеев, «Тамсан» тобы, Ө.Элеков, Шынтас-Айнагүл Омаровтар және ВИА «Жасын» (Мұғалжар ауданы), «ҚОС-НҰР» дуэті қатысты.

«Ақтөбе қаласының мегаполис шаһарға айналуына барлық мүмкіндігіміз бар. Соңғы жылдары Ақтөбенің сәулеттік келбеті адам танымастай өзгеріп, экономикасының өркендегеніне бәріміз куәміз. Оған әрқайсымыздың еңбегіміз сіңді, әрқайсыңыз үлес қостыңыздар. Бүгінгі концерттің де ерекше жағдайда өткенін қуанышпен тамашаладық. Көркемөнерпаздарымыздың үш сағаттық шарада «Ақтөбе» сөзін 450 мәрте айтқаны да рекорд, оны сіздердің тыңдағандарыңыз да рекорд», деді қала әкімі Ілияс Испанов әнсүйер ақтөбеліктерге айтқан сөзінде.

Айта кетейік, ән кешінде ақ жаулықты әжелер шашу шашса, «Біз біргеміз!» және «150 игі іс» акциясы аясында «Қаракет» қорының қолдауымен 1-топтағы мүгедек Манас Құлмағанбетов үш бөлмелі пәтер кілтіне ие болды. Сонымен қатар Ақтөбеге арналған әндердің авторлары мен орындаушыларына қала әкімінің Алғыс хаты тапсырылды.

 




Көрілген: 663    Пікірлер: 0

сейсенбі, 29.01.2019, 13:22

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    1 Сәуір, 10:35
    Жыл басы – Наурыз
    13 Ақпан, 15:34
    Жырлайды жүрек
    17 Қаңтар, 19:01
    Шығыстың қос шыңы

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    мамыр
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5
    6 7 8 9 10 11 12
    13 14 15 16 17 18 19
    20 21 22 23 24 25 26
    27 28 29 30 31