Жаңалықтар

Ақтөбеде мұғалімнен туберкулез анықталып, оқушылар жаппай тексеріле бастады

  • © ҚазАқпарат

    © ҚазАқпарат

Ақтөбенің Алға ауданы Бестамақ ауылдық округінде мұғалімнен туберкулез анықталды. Қазір мектепте залалсыздандыру шаралары жүргізіліп, оқушылар жаппай медициналық тексеруден өтіп жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бесқоспа ауылында 400-ден астам тұрғын бар. Мектепте 100-ге жуық оқушы білім алады, 28 мұғалім сабақ беріп, 10 кіші қызметкер еңбек етеді.

«Мұғалімнен туберкулез ауруы анықталды. Мектепке дизинфекция жасалып, педагогтар түгел тексеруден өтті. Ал оқушыларды кезең-кезеңімен дәрігерлік тексеруге жіберіп жатырмыз», - деді шағын жинақты мектептің директоры Рүстем Қожаназаров.

Анықталғандай, жұқпалы дертке шалдыққан ұстаздың аяғы ауыр. Қазір ол ауруханада ем қабылдап жатыр.

«Ақтөбе облысы әкімінің атына арыз түсуіне байланысты комиссия құрылды. Құрамында облыстық Тауарлар мен көрсетілетін қызметтер сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаменті, облыстық туберкулез диспансерінің бас дәрігері, облыстық Білім басқармасы мен аудандық қызметкерлер бар. Халықпен, педагогика қызметкерлерімен кездесу, түсіндіру жұмыстары жүргізілді», - деді Бестамақ ауылдық округінің әкімі Қанат Дәулеталин.

Бүгінде мектепте сабақ қалыпты жағдайда өтуде. Мұғалімдердің барлығы тексеруден өтіп, денсаулығы туралы анықтама тапсырды. Оқушыларды жедел жәрдем көлігімен аудан орталығына апарып, тексеру, рентгенге түсіру жұмысы әлі жалғасып жатыр.

 




Көрілген: 249    Пікірлер: 0

дүйсенбі, 13.01.2020, 22:15

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    қаңтар
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5
    6 7 8 9 10 11 12
    13 14 15 16 17 18 19
    20 21 22 23 24 25 26
    27 28 29 30 31