Ақтөбедегі 13 жастағы қыздың өліміне БҒМ түсініктеме берді

20 қазан 2021, 19:07

ҚР Білім және ғылым вице-министрі Шолпан Каринова ОКҚ брифингінде Ақтөбеде болған 13 жастағы қыздың өліміне қатысты түсініктеме берді, деп хабарлайды zakon.kz.

 

БАҚ өкілдері 17 қазанда Ақтөбеде 13 жастағы қыз 20 қабаттан секіріп кеткенін еске салды.

 

Оны өзіне өзі қол жұмсауға ұялы телефондағы ойындар итермелеген. Басқа аймақтарда осындай жағдай болды ма? - деп сұрады журналистер.

 

Шолпан Каринова балалар өлімінің барлық фактілері қадағаланып отыратынын айтты.

 

Бұл тек БҒМ-нің ғана жұмысы емес, бұл жерде үлкен ведомствоаралық жұмыс қажет және оны білім беру органдары, ішкі істер, денсаулық сақтау органдарымен және әкімдікпен бірлесіп жүргізеді. Әр жағдай бөлек қарастырылады. Аталған факті бойынша да жұмыстар жүргізілуде, оны қорытындысы бойынша тағы хабарланатын болады, деп атап өтті вице-министр.

 

Ол сонымен қатар мектеп психологтары балалармен кездесетінін айтты.

 

Мектеп психологы тиісті жұмыс жүргізуде. Суицид жасауға бейім балаларды анықтау керек. Білім беру ұйымдарында орын алған суицидтің бір де бір жағдайы жоқ. Ондай оқиға әдетте баланың үйінің маңында болады. Ең алдымен, бұл фактілер туралы ата-аналар білуі керек. Егер алаңдаушылық пен қорқыныш болса, ата-аналар бұл фактілердің алдын алу үшін мамандарға жүгінуі керек, - деп түсіндірді ол.

 

Осыған байланысты Каринова ата-аналарды өз балаларын тереңірек тануға ұмтылуға, балаларымен бірге көбірек уақыт өткізуге және өзіне өзі қол жұмсау фактілері мен сондай күдік туған жағдайда ең алдымен мектеп пен психологқа жеткізуге шақырды.