Жаңалықтар

Ақтөбелік мұғалімдер тестілеу кезінде «шпаргалка» қолданды

  • © ҚазАқпарат

    © ҚазАқпарат

Білім беру ұйымдарында жұмыс істейтін педагогтар аттестатация тапсырды. Тестілеуді «Ақтөбе - адалдық алаңы» жобалық кеңсесі бақылады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

 

«Ақтөбе - адалдық алаңы» жобалау кеңсесінің өкілдері мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуды, бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім берудің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, қосымша білім беру бағдарламаларын және арнайы оқу бағдарламаларын іске асыратын білім ошақтарында жұмыс істейтін педагогтарды және білім және ғылым саласындағы басқа да азаматтық қызметшілерді аттестаттау процесіне мониторинг жүргізді.

 

Мониторинг кезінде бірқатар кемшілік анықталды. Педагогтар санының көптігін ескере отырып, ғимаратқа кірер алдында дезинфекциялық туннель орнатылмаған, осылайша қолайсыз санитарлық жағдай туындады.

 

 

«Тестілеу аудиторияларында антисептикалық құралдар қондырылмаған. Сонымен бірге медициналық пункт және медициналық қызметкер жоқ. Ұялы байланыс өшіргіші жұмыс істемеді. Педагогтардың көпшілігі маскасыз отырды. Сарапшылар үш заңсыздықты анықтады. Біреуі тест кезінде ұялы телефон қолданбақ болды. Ал екі педагог «шпаргалка» пайдаланды. Үшеуі де тестілеу орталығынан шығарылды», - деп хабарлады жобалық кеңсенің баспасөз қызметі.

 

 

Барлық кемшілік ҚР тестілеу орталығына жіберілді.

 

 

 




Көрілген: 364    Пікірлер: 0

сәрсенбі, 10.06.2020, 11:46

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    27 Қыркүйек, 00:14
    БАЛАНЫҢ КӨЗІНШЕ...

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    қыркүйек
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6
    7 8 9 10 11 12 13
    14 15 16 17 18 19 20
    21 22 23 24 25 26 27
    28 29 30