Жаңалықтар

ӘЛ-ФАРАБИ ЕСІМІНДЕГІ КИЕЛІ ОРДА

  • ӘЛ-ФАРАБИ ЕСІМІНДЕГІ КИЕЛІ ОРДА

    ӘЛ-ФАРАБИ ЕСІМІНДЕГІ КИЕЛІ ОРДА

Әлемнің екінші ұстазы атанған Әбу Насыр Әл-Фарабидің есімі адамзатқа кеңінен танымал. Әлемге әйгілі ойшыл, философ, лингвист,энциклопедист ғалым әл-Фарабидің есімі Қазақстанда көптеген мәдени, ғылыми, білім ордаларына берілген.
1934 жылы 15 қаңтарда құрылған әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университет - Қазақстанда ғана емес, әлемдік оқу орындарының арасында білім сапасымен ғана емес, заманауи оқу ғимараттарымен, ғылыми кітапханасымен, студент қалашығымен, студенттер сарайымен, жайлы жатақханалары мен «Керемет» студенттер орталығымен, спорт сарайымен т.б.ерекшеленетін бірден-бір ғылым ордасы .
Қазақстандағы жоғары оқу орындарының көшбасшысы Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетіне атақты ғалымның аты 1991 жылы 23 қазанында берілген.
Қазіргі таңда университет 180 сала бойынша мамандар дайындайды және көптеген мемлекеттермен тығыз қарым-қатынас орнатқан. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ халықаралық әріптестікті белсенді дамытуда, осымен үшінші жыл қатарынан 2020 жылға дейін «Академиялық ықпал» Біріккен Ұлттар Ұйымы Жаһандық Хабына жетекшілік етеді.

Қазіргі кезде университетте жоғары кәсіби білім беру көпсатылы жүйесі бойынша 25 000-нан астам студент білім алады. Оларға 2000-нан астам профессор, доктор, ғылым кандидаты мен философия докторлары дәріс оқиды. ҚазҰУ еліміздің жоғары оқу орындарының ішінде тұңғыш рет QS Stars - «Төрт жұлдыз» үстемдік белгісіне, түлектерді жұмыспен қамту рейтингісінде 500 ЖОО ішінен 251 орынға ие болса, Орталық Азия ЖОО-дарынан жеке дара QS «World University Rankings» халықаралық рейтингісінде топ-210 ең үздік университеттер қатарына еніп, 207 орынға тұрақтады.
Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ әлемнің беделді 300-ден астам университеттерімен ынтымақтастық қарым-қатынас орнатқан және Халықаралық, Еуропалық және Еуразиялық университеттер ассоциациясы, Дүниежүзі университеттер консоруиумының мүшесі болып табылады.
Жыл сайын мыңдаған шетелдік жастар бакалавриат, магистратура, докторантурада білім алады, ғылыми жұмыстар жасайды. Ал біздің студенттер мен магистранттар әлемдік рейтингте көрсеткіші жоғары тұрған университеттерде тағылымдамадан өтеді.
Әл-Фарабидің әдебиет пен тілдің байланыстарын тарихын, мәні мен мақсатын, маңыздылығы ғылыми негізінде үйрететін факультеттің бірі – филология және әлем тілдері факультеті.
Ғұлама ғалым әл-Фарабидің : «Ұстаздық мінез-құлық нормасы мынадай болуға тиіс: ол тым қатал да болмауы керек, тым ырыққа да жығыла бермеуі керек. Өйткені, аса қаталдық – шәкіртті өзіне қарсы қояды, ал тым ырыққа көне беру – қадірін кетіреді, берген білімі мен ғылымына шәкірті селқос қарайтын болады»-, деген пікірін берік ұстанған факультет ұстаздары әл-Фарабидің ұлы еңбектерін жастарға талдап, түсіндіріп,зерттеуде өлшеусіз еңбек етіп келеді.
Әр жылдары филология және әлем тілдері факультетін Ә.Кекілбаев, З.Қабдолов, Қ.Мырза Әлі, Ә.Нұршайықов, Т.Молдағалиев, О.Сүлейменов т.б. атақты ақын-жазушылар, тілші мамандар, аудармашылар бітіргенін мақтанышпен айта аламыз. Аталған таланттар әл-Фарабидің өшпес мұрасын насихаттауға белсене араласты.
Қазіргі таңда факультетте алты кафедра жұмыс істейді. Солардың ішінде шетелдік студенттердің университетімізде сапалы білім алуына өз үлесін қосып келе жатқан кафедралардың бірі шетел филологиясы және аударма ісі кафедрасы.
Университетіміздің филология және әлем тілдері факультетінің шетел филологиясы және аударма ісі кафедрасы да республикамыздың әр жерінен келген талапты жастармен бірге, шетелдік студенттерге терең білім беруде көптеген игілікті іс-шаралар атқаруда. Кафедра оқытушылары болашақ филологтар мен аудармашыларға аударманың тарихы мен тәжірибесі, шетел әдебиетінің тарихы,тіл білімі, латын тілі т.б. іргелі пәндерді жүйелі жүргізуде. Осы уақытқа дейін жақын және алыс шетел студенттерінің университетте мамандық меңгеріп, дипломын алуларына да қомақты үлес қосты. Атап айтқанда, Өзбекстан, Түркіменстан, Ресей, Украин, Корей, Қытай т.б. мемлекеттерінің студенттерін оқытып, олардың білімдерінің шыңдалынуына әркез ықпал етуде.
Әсіресе, біздің факультетімізде Қытай Халық республикасының жүздеген студенттері аударма ісі мен шетел филологиясы мамандықтары бойынша бітірді.
Қытай Халық республикасының студенттері білімге құштарлығымен ерекше көзге түседі. Өз білімдерін жетілдіруде көптеген тілдерді меңгеруде ғылыми еңбектерді оқып, өздігімен ізденуге талаптанып тұрады.
Әл - Фарабидің : «Білімді болу деген – жаңалық ашуға қабілетті болу»-, деген пікірін осы елдің студенттеріне қаратып айтуға болады. «Аударма ісі» мамандығында білім алған Чжанга, Лу Ди, т.б. университет пен факультетімізде өткізілген ғылыми конференцияларда баяндамалар жасады, түрлі кездесулерге қатысты, мәдени іс-шараларда, қытай халқының ұлттық аспаптарында ойнап ән салды, жатақханаларда ұйымдастырылған жарыстарға қатысып, жүлделі орындарға ие болды. Қазақстан жастарымен бірлесе отырып қазақ ақын-жазушыларының әдеби еңбектерін қытай тіліне аударып, мерзімді баспасөздерде үзбей жариялап отырды.
Болашақта да әлі талай қытай талапкерлерінің біздің мамандықтарды таңдап, білікті де шебер аудармашы, лингвист маман болатындығына сеніміміз мол. «Білімді болу деген – жаңалық ашуға қабілетті болу»-, деп әл-Фараби дана айтқандай, екі елдің жастары болашақта талай ақын-жазушыларымыздың шығармаларын қытай халқының танысуына, керісінше қытай әдебиетінің көрнекті өкілдерімен қазақ оқырмандарының танысуына ықпал етеді деп ойлаймыз. Біздің факультеттегі мамандықтарды бітірген талапты да білімді жастар екі ел экономикасы мен мәдениетінің, сан-салалы ғылымының дамуына зор үлес қосады. Әлі де талай қытай жастарының университетте білім нәрімен сусындауына да кафедра оқытушы, профессорлары өз білім, қабілеттерін, ізденісін аямай жұмсайтынына сеніміміз мол.


Қазыбек Гүлмира Құдайбергенқызы-
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің профессоры,
Искакова Гульназ Нурдилдаевна - Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің аға оқытушы

 


 




Көрілген: 231    Пікірлер: 0

дүйсенбі, 10.02.2020, 16:03

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    26 Наурыз, 23:08
    Мектепте оқу қауіпті
    1 Наурыз, 20:14
    Алғыс айтып жүрейік...

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    сәуір
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5
    6 7 8 9 10 11 12
    13 14 15 16 17 18 19
    20 21 22 23 24 25 26
    27 28 29 30