Жаңалықтар

Әл-Фараби идеясын балабақшаға енгізуді ұсынды

  • Әл-Фараби идеясын балабақшаға енгізуді ұсынды

    Әл-Фараби идеясын балабақшаға енгізуді ұсынды

 Қазақстанның Қырғыз Республикасындағы елшілігі мен Ұлттық кітапханасы әл-Фарабидің 1 150 жылдығына арналған онлайн-конференция ұйымдастырды.

«Ұлы ойшылдың ғылыми және рухани мұрасы» атты конференцияға ғалымдар, тарихшылар және екі елдің жетекші университеттерінің оқытушылары қатысты.

Қазақстан тарапынан Гуми­лев атындағы Еуразия ұлттық университеті мен Дулати атын­дағы Тараз мемлекеттік уни­верситетінің профессорлары, ал Қырғыз Республикасы тара­пынан Арабаев атындағы Араб мемлекеттік университетінің ға­лымдары қатысып, әл-Фараби философиясы туралы ойларымен бөлісті.

Ғалымдардың айтуынша, ағартушының әлемді тануға деген құштарлығы адам болмысын ашатын ғылыми трактаттар мен туындыларды жазуына себеп болған. Арабаев атындағы Араб мемлекеттік университетінің өкілі, тарих ғылымдарының докторы Назира Курбанованың айтуынша, әл-Фараби адам бойындағы құндылықтарды жо­ғары бағалайды.

«Адамгершілік пен бақытқа қатысты керемет ойлар айтқан. Қайырымдылық дегеніміз не және мінсіз адам қандай болады? Осыған қатысты да туындылары бар. Мың жыл бұрын жазылғанына қарамастан, адами құндылықтар өзгеріссіз қалады. Әл-Фарабиді барлық сала қызықтырған. Ұлы ғұлама ғылымдарды жік­теуді арифметикадан бастап, метафизикамен, яғни пәлсапамен аяқтаған. Оның ең танымал шығармаларының бірі – «Қайырымды қала тұрғындары». Трактатта қайырымды қалада әділдік, парасат, мейірім үстемдік етеді», – дейді ғалым.

Қырғыз мемлекеттік универ­ситетінің профессоры Назира Усупованың пайымдауынша, әл-Фарабидің идеяларын жалпы білім беру үрдісіне тек университеттер ғана емес, мектептер, тіпті мектепке дейінгі балалар ор­талықтарына да енгізетін уақыт жетті. Әл-Фарабидің ойлары, қазіргі уақытта өзектілігі мен маңызын жоғалтқан жоқ.

 

aikyn.kz




Көрілген: 489    Пікірлер: 0

сенбі, 27.06.2020, 14:24

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    12 Маусым, 10:40
    Арман алға жетелейді
    7 Маусым, 19:31
    Өнерлінің өрісі кең
    1 Маусым, 15:52
    Балаларға базарлық!

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    шілде
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5
    6 7 8 9 10 11 12
    13 14 15 16 17 18 19
    20 21 22 23 24 25 26
    27 28 29 30 31