Жаңалықтар

Әлем бойынша 2021 жылдың ең танымал сөзі анықталды

  • Әлем бойынша 2021 жылдың ең танымал сөзі анықталды

    Әлем бойынша 2021 жылдың ең танымал сөзі анықталды

"Вакцина" сөзі мен барлық осы сөзден туған сөздер Оксфорд ағылшын сөздігіне сәйкес 2021 жылдың ең танымал сөздері деп танылды, делінген британдық сөздік хабарламасында. Бұл жөнінде Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

"Вакцина (vax) – 2021 жылдың ең танымал сөзі. Біздің тіл мамандары ағылшын корпусының деректерін зерттей бастағанда-ақ, "вакцина" сөзінің ерекше көрнекті сөз екені белгілі болды", - делінген сөздік мәлімдемесінде.

 
Жазбада сонымен қатар бұл сөз осы жылға дейін Оксфорд сөздігінде өте сирек болғаны атап өтілген. Қаңтар-қыркүйек аралығында аталған сөз 2020 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 72 есе жиі қолданылған.

Сондай-ақ, 2020 жылы Оксфорд сөздігі жылдың бір сөзін жыл сөзі ретінде таңдай алмағаны айтылады. Қолдану жиілігі бойынша "коронавирус" сөздері мен COVID-19 пандемиясымен байланысты құбылыстар бірге аталған, мысалы үшін, карантин, әлеуметтік ара қашықтық, furlough (коронавирустық дағдарыс салдарынан жұмыссыз қалғаны үшін төленетін өтемақы) және қықсартылған WFH (work from home-үйден жұмыс жасау) тіркесі.

Stan.kz




Көрілген: 494    Пікірлер: 0

сейсенбі, 02.11.2021, 14:27

Достарыңмен бөліс:





  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2022
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    2022
    қаңтар
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29 30
    31