Жаңалықтар

Алғашқы әскери дайындық пәні мұғалімінің ашуға булыққан сәті видеоға түсірілген

  • Алғашқы әскери дайындық пәні мұғалімінің ашуға булыққан сәті видеоға түсірілген

    Алғашқы әскери дайындық пәні мұғалімінің ашуға булыққан сәті видеоға түсірілген

Білім және ғылым министрлігінің өкілдері әскери дайындық пәні мұғалімінің колледж студенттерін балағаттап жатқан сәті түсірілген видеоға қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды  Tengrinews.kz тілшісі ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


Видео әлеуметтік желіде жарияланды. БҒМ мәліметінше, бұл жағдай Алматы облысындағы "Прогресс" политехникалық колледжінде болған. "Прогресс" политехникалық колледжінің алғашқы әскери дайындық пәнінің мұғалімі 2002 жылғы студентті балағаттап, психологиялық қысым көрсетті", - деді ведомство өкілдері. БҒМ мәліметінше, білім беру мекемесінің басшысын "ұстаздар құрамымен жұмысты бәсеңдетіп, тәрбие жұмыстарының әлсіздігіне байланысты" жазаланған. АӘД пәнінің мұғалімі Еңбек кодексінің 52-бабына сәйкес жұмыстан босатылған. Осыған дейін Алматы облысында тағы бір колледжде дене шынықтыру пәнінің мұғалімі студенттерді ұрып-соқты. Әлеуметтік желіде оқиғаның видеосы таралып жатыр. "19-шы СПТУ ұстаздары оқушылармен осылай сөйлеседі. Бұл бүгін бізде Жаркентте болды", - делінген видеоролик сипаттамасында. Таяу күндері Алматы облысында ҚР БҒМ Бақылау комитетінің төрағасы Талғат Ешенқұловтың және Алматы облысындағы колледждердің директорларының қатысуымен колледждердегі тәрбие жұмысын нығайту жөнінде жиналыстар өткізіледі.  




Көрілген: 781    Пікірлер: 0

жұма, 11.01.2019, 18:24

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    қыркүйек
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1
    2 3 4 5 6 7 8
    9 10 11 12 13 14 15
    16 17 18 19 20 21 22
    23 24 25 26 27 28 29
    30