Жаңалықтар

Алматы қаласындағы физика-математика бағытындағы Назарбаев зияткерлік мектебі «Үздік олимпиадалық мектеп – 2021» деп танылды

  • Алматы қаласындағы физика-математика бағытындағы Назарбаев зияткерлік мектебі «Үздік олимпиадалық мектеп – 2021» деп танылды

    Алматы қаласындағы физика-математика бағытындағы Назарбаев зияткерлік мектебі «Үздік олимпиадалық мектеп – 2021» деп танылды

Жалпы білім беретін пәндер бойынша Республикалық олимпиаданың қорытындысы бойынша Назарбаев Зияткерлік мектептерінің командасы «Үздік олимпиадалық команда – 2021» номинациясында I орын алды. Жоғары көрсеткіштердің арқасында бірден бірнеше Зияткерлік мектеп республиканың үздік олимпиадалық мектептерінің қатарына енді. Оның ішінде Алматы ФМБ NIS I орын, Павлодар ХМБ NIS II орын, III  орынды Ақтөбе ФМБ, Қарағанды ХМБ және Шымкент ХМБ NIS иеленді.

2021 жылғы республикалық олимпиада 25-30 сәуір аралығында өтті. Алматы қалалық ФМБ NIS оқушылары 6 алтын, 6 күміс және 8 қола медальді жеңіп алды.  

Алтын медаль иегерлері: Камилла Ильясова қазақ тілінен, физикадан Ерсұлтан Пітебай, математикадан Нұрасыл Әбдіразақ, информатика пәнінен Мухамадариф Сахмодин, химиядан Азамат Жақсылықов және математикадан Альдинаш Сейтенов.

Күміс жүлдеге ие болғандар: математикадан Таир Сатубалдин, Альдинаш Сейтенов пен Асылбек Олжабаев, информатикадан Ернар Садыбеков пен Амир Нуриев, физикадан Артур Николаенко.

Қола медаль жеңімпаздары:  Аяулым Мұқан – ағылшын тілі, Еликай Атабаева – орыс тілі, Искандер Сагинбек – неміс тілі, Медет Джумадильдаев – информатика, Арсен Нәрік, Тамирлан Бектемисов – математика, Дамир Аленов, Сырымхан Нуриддин – физика

Айта кету керек, республикалық олимпиада 9-11 сынып оқушылары үшін ең ауқымды шара. Қазақстандағы қатысушылар саны бойынша жетекші орын алатын Олимпиада 16 жалпы білім беретін пәндерді қамтиды. Биылғы оқу жылында Республикалық олимпиаданың мектеп кезеңіне 1 миллионға жуық бала қатысты, оның ішінде 91 179 оқушы аудандық кезеңге өтті, облыстық кезеңде 12 521 оқушы жарысты, ал қорытынды кезеңде Қазақстанның барлық өңірлерінен 1557  қатысушы бақтарын сынаған болатын.




Көрілген: 542    Пікірлер: 0

сәрсенбі, 19.05.2021, 17:13

Достарыңмен бөліс:



  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    шілде
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4
    5 6 7 8 9 10 11
    12 13 14 15 16 17 18
    19 20 21 22 23 24 25
    26 27 28 29 30 31