Құрметті оқырмандар назарына! «Алаш айнасы» желілік-басылымы Ақпарат комитетінің 2023 жылғы 01 қарашадағы № 15 бұйрығы негізінде 2023 жылғы 30 қазаннан бастап бұқаралық ақпарат құралы ретінде өз қызметін тоқтатты.

К сведению уважаемых читателей! Сетевое издание «Алаш айнасы» на основании Приказа Комитета информации № 15 от «01» ноября 2023 года прекратил свою деятельность в качестве средства массовой информации с 30 октября 2023 года.

Алматы мектептері оқушыларға қашықтан білім беруге дайын ба

19 тамыз 2020, 21:18

Алматыдағы «Жаңа Ғасыр» №175 гимназияның директоры Гауһар Мәнекеева онлайн форматта өткен жалпы республикалық педагогикалық кеңесте көтерілген мәселелер туралы айтып берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат  тілшісі.

 

Гимназия директоры Гауһар Мәнекееваның айтуынша, бүгін өткен педагогтар кеңесіне 100-ден астам мұғалім, қамқоршылық кеңес мүшелері, «Darin» онлайн платформасының құрушысы қатысты. Педагогикалық кеңесте жаңа оқу жылына дайындық, сабақ өту процесі талқыланды.

 

«Кеңес барысында қашықтан өткізетін сабақты әзірлеу алгоритмі, 1-4 сынып арасындағы кезекші сынып жұмысы талқыланды. Мұғалімдер білім беру интернет платформасын пайдалану ережесімен танысты. Жаңа оқу жылында білім алушылардың бағалау ерекшеліктері де сөз болды. Ата-аналарымен тығыз байланыс орнату керектігі де айтылды»,– дейді №175 гимназияның директоры Гауһар Мәнекеева.

 

Оның сөзінше, мектеп жаңа оқу жылына 100 пайыз дайын.

 

«Қашықтан оқыту процесін жоғары деңгейде ұйымдасқан түрде бастағалы отырмыз. Гимназия компьютер, ноутбук, планшеттермен қамтамасыз етті. Техникалық құралдар, интернет бар. Мұғалімдер оқушыларға қашықтан білім беруге әзір. Тұрмысы төмен отбасынан шыққан 155 балаға планшет беріледі. Оқушылардың білімін бағалау электронды журналдар арқылы жүзеге асырылады»,– деп атап өтті гимназия директоры .