Жаңалықтар

Алматы мектептерінде 193 кезекші топ ашылды

  • https://baq.kz/

    https://baq.kz/

Алматы қаласы білім Басқарма басшысы Ләззат Жылқыбаева онлайн брифинг барысында жаңа оқу жылына дайындық жұмыстары қалай жүргізіліп жатқанын баяндады.

 

Оның айтуынша, 1 қыркүйектен бастап оқушылар қашықтан оқу форматында білім алады. Сондықтан оқушыларды техникамен қамтуға көңіл бөлуде.

 

Қазір бұл мәселені шешу үшін мектептердегі өз қаражаты есебінен сатып алынған 9 мың ноутбук және мектептердегі бұған дейінгі өздерінде бар 10 мың ноутбук уақытша пайдалануға берілді. Сонымен қатар, жақын күндері Үкіметтің резевтік қоры есебінен сатып алынатын 38 мың ноутбук және жергілікті бюджеттен сатып алынатын 11 мың ноутбук пен 22 мың планшет таратылады. Компьютерді тарату жұмысы демалыс күндеріне қарамастан жалғасып жатыр. бүкіл Қазақстан бойынша компьютерді сатып алу жүргізіліп жатқандықтан техникаларды жеткізу 15 қыркүйекке дейін іске асырылады,-дейді басқарма басшысы.

 

Сонымен қатар, ол оқушылар мен мұғалімдердің интернетке қолжетімділігін шешу кезең-кезеңімен атқарылып жатқанын жеткізді.

 

Интернетке қосылуды қажет ететін 22 мыңнан астам оқушыға сим карталар сатып алынды. Қазіргі таңда сим карталар мен роутерлер таратылып берілді. Интернеті жоқ мұғалімдерге мектепке келіп онлайн сабақ өткізуге рұқсат берілді. Осыған байланысты қаладағы мектептердің барлығы дезинфекциялық құралдармен қамтамасыз етілді. Одан бөлек 1-2 сыныптарда 193 кезекші топтар ашылды. Бұл топтарда 1977 бала сабақ оқиды, - деді ол.

 




Көрілген: 264    Пікірлер: 0

дүйсенбі, 31.08.2020, 13:31

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    27 Қыркүйек, 00:14
    БАЛАНЫҢ КӨЗІНШЕ...

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    қазан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4
    5 6 7 8 9 10 11
    12 13 14 15 16 17 18
    19 20 21 22 23 24 25
    26 27 28 29 30 31