Жаңалықтар

Алматы облысында жыл мұғаліміне автокөлік кілті табысталды

  • https://azattyq-ruhy.kz/

    https://azattyq-ruhy.kz/

Мұғалімдер күні қарсаңында Алматы облысында жыл сайынғы облыстық «Жыл мұғалімі» байқауының жеңімпазы анықталды. Ол Ақсу ауданы Ғ. Мұратбаев атындағы орта мектептің математика пәнінің мұғалімі Асыл Қаймұханов.

 

 

Салтанатты шарада облыс әкімі Амандық Баталов оған автокөліктің кілтін табыстады. Бұл туралы Алматы облысы әкімінің баспасөз қызметі хабарлады.

 

 

Мұғалімдер күніне арналған салтанатты жиында құттықтау сөз сөйлеген Амандық Баталов білім беру саласын дамыту және мұғалімдерге қолайлы жұмыс жағдайын жасау мақсатында облыста жүргізіліп жатқан жұмыстарға кеңінен тоқталды.

 

 

Облыс әкімінің айтуынша, соңғы 3 жылда мемлекеттік қолдаудың арқасында облыста 19 жаңа мектеп салынып, оқушыларға арналған 2 жатақхана пайдалануға берілді. Тағы екі жатақхана салынуда. Жалпы, облыста 2020 жылға білім беруді дамытуға 320,9 миллиард теңге бөлінді. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 114 миллиард теңгеге артық.

 

 

Қашықтан оқытуды ұйымдастыру мәселелеріне ерекше назар аударылады. Оқушыларды компьютермен, ноутбукпен, роутермен, планшетпен қамтамасыз етуге 13 миллиард теңге бөлінді. Мектеп ішіне дәретхана орналастыру мәселесі де шешілуде. Оның 347-сі заман талабына сай жөндеуден өтті. Сонымен қатар, студенттерді тасымалдау үшін 71 жаңа автобус сатып алынды.

 

 

Басқосуда Амандық Баталов «Жұмыспен қамтудың жол картасы» мемлекеттік бағдарламасы аясында облыста 1050-ден астам жобаны жүзеге асыруға 105,6 миллиард теңге бір реттік қаражат бөлінгенін, оның көп бөлігі әлеуметтік салаға қатысты екенін баса айтты. Бұл облыстың инфрақұрылымын, тұрғындардың өмір сүру деңгейін айтарлықтай жақсартатын жаңа мектептер, ауруханалар, балабақшалар, мәдени нысандар, спорт, тұрғын үй нысандары екенін ерекше атап өткен жөн.

 

 

Баяндамасын қорытындылаған облыс әкімі Жетісу мұғалімдерінің жас ұрпақ тәрбиесіне қосқан үлесін атап өтті. Сондай-ақ оларға кез-келген жағдайда күнделікті жауапты жұмысы үшін шын жүректен ризашылығын білдірді.

 

 

«Індетпен күрес жүріп жатқан кезде алдыңғы қатарда және қиын кезеңде өздеріңіздің кәсіби міндеттеріңізді, барлық білім мен біліктіліліктеріңізді мол тәжірибелеріңізбен байланыстыра отырып, жас ұрпаққа білім беру ісін толық жауапкершілікпен атқарып шықтыңыздар. Жас мамандарға  мамандыққа шынайы қызмет етудің айқын үлгісі болған білім беру саласының ардагерлеріне ерекше алғыс айтамыз», &ndash деді А. Баталов.

 

 

Жалпы, шара барысында барлық қажетті санитарлық эпидемиологиялық талаптар қатаң сақталды.

 

azattyq-ruhy.kz




Көрілген: 450    Пікірлер: 0

жексенбі, 04.10.2020, 19:43

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    желтоқсан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6
    7 8 9 10 11 12 13
    14 15 16 17 18 19 20
    21 22 23 24 25 26 27
    28 29 30 31