Жаңалықтар

Алматы облысында мұғалімдерден ақша жинап, еден жуғызған директор сөгіс алды

  • Фото: ашық дереккөзден

    Фото: ашық дереккөзден

Алматы облысы Қаратал ауданындағы А.С. Пушкин атындағы орта мектептің директоры Дархан Жұмахан карантин кезінде жөндеу жұмысы соңына дейін аяқталмаған кабинеттер мен еденді мектеп мұғалімдеріне жуғызып, кабинеттегі стендке ақша жинамақ болған. Мектеп мұғалімдері бұл жағдайға наразылық білдіріп, «ushtobeqz» ресми парақшасына жазған.

 

Azattyq Rýhy тілшісі мектеп мұғалімдерінің бірімен телефон арқылы тілдесті. Аты-жөнін атамауды өтінген қызметкер «Директор педагогтердің кәсіби міндетіне кірмейтін жұмыстарды істетіп, ақша жинады» дейді.

 

«Дархан Жұмаханұлы карантин кезінде, мектептің күрделі жұмысы бітпегеніне қарамастан мұғалімдерді мектептің дәліздері мен кабинеттерін жуып-шаюға шақырды. Ол мектепке мұғалімдерге кіруге рұқсат жоқ. Себебі мектеп күрделі жөндеуден кейін арнайы комиссиямен қабылдап алынған жоқ. Сонымен қатар мектептің барлық стендтеріне ақша бөлінді деп жиналыста айтқан болатын, бірақ мұғалімдер мен дене шынықтыру пәні мұғалімдерінен стендке деп ақша жинап алды. Мұғалімдер бар шындықты айтуға қорқады. Өйткені жұмысынан айырылып қаламынба деп ойлайды. Бұл директор ешқандай педагогикалық мәдениетті білмейді. Мұғалімдермен қарым-қатынас дұрыс орната алмайды. Жұмысқа дипломы жоқ мұғалімдерді қабылдады. Өзі жұмысқа қабылдаған дене шынықтыру пәнінің мұғалімдері жарты жылдан астам жұмысқа келген жоқ. Бұл директордың заңсыз әрекеттері көп»,- деді тілшімізбен телефон арқылы тілдескен педагог.

 

 

Аталған оқиғаға байланысты мән-жайды білу үшін Azattyq Rýhy тілшісі Алматы облысының білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаментіне хабарласты.

 

«Ағымдағы жылдың 23 тамызында Алматы облысының білім саласында сапаны қамтамасыз ету Департаментінде Қазақстан Республикасының «Педагог мәртебесі туралы» Заңы талаптарының педагогтерді кәсіптік міндеттерімен байланысты емес жұмыс түрлеріне тарту жағынан бұзылу фактісі қаралды. Қаралу нәтижесі бойынша Қаратал ауданы Пушкин атындағы орта мектебінің басшысы Жұмаханұлы Дархан Қазақстан Республикасы «Әкімшілік құқықбұзушылық туралы» Кодексінің 409-бабының 7-3 бөлігі 1-тармағы бойынша әкімшілік құқықбұзушылық жасағаны үшін кінәлі деп танылды», - деді департаменттің баспасөз қызметі.

 

Фотода мектеп директоры Дархан Жұмахан

 

Пушкин атындағы орта мектептің кейбір қызметкерлері «директорға тек сөгіс берілгеніне көңіліміз толмайды» деп отыр. 

 

«Директорға бар болғаны сөгіс берген. Неге мұндай істі жауапты органдар дұрыстап тексермейді?! Ол кісінің заң бұзушылық әрекеттері жетіп артылады. Біздегі әрбір педагог аты-жөнімізді ашып айтуға қорқамыз, ертең жұмысымыздан айырылып қалсақ, бала-шағамызды кім асырайды?! Онсызда осы шудан кейін директор мектепке келіп, өкпесін айтып ренжіді. Біздегі білім басқармасынан бір-екі адам келді де, бәрін жылы жауып қоя салды. Біз әділеттіліктің орнайтынына сенбейтін болдық»,- деді наразы мұғалімдердің атынан сөйлеп тұрмын деген ұстаз.

 

 

 

 

 

 




Көрілген: 514    Пікірлер: 0

бейсенбі, 26.08.2021, 19:23

Достарыңмен бөліс:





  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    23 Қазан, 00:34
    Ұстаз мерейі
    24 Қыркүйек, 17:13
    Табиғаттың өзі емші!

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    қазан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3
    4 5 6 7 8 9 10
    11 12 13 14 15 16 17
    18 19 20 21 22 23 24
    25 26 27 28 29 30 31