Жаңалықтар

Алматы студенттер үшін әлемнің үздік 100 қаласының қатарына енді

  • Алматы студенттер үшін әлемнің үздік 100 қаласының қатарына енді

    Алматы студенттер үшін әлемнің үздік 100 қаласының қатарына енді

Мегаполис әкімі Бақытжан Сағынтаев өзінің Twitter-дегі аккаунтында британдық консалтингтік компания жүргізген рейтинг нәтижесі туралы хабарлады.
«Studee британдық консалтинг компаниясының дерегінше, Алматы студенттерге арналған әлемдегі ең үздік 100 қаланың бірі. Өмір сүру, тұрғын үйді жалға алу құны, интернет жылдамдығы, халықаралық рейтингке енетін жоғары оқу орындар саны сынды критерийлер бойынша Алматы 76-орында», – деп жазды Бақытжан Сағынтаев.
Деректерді талдау барысында Studee компаниясының зерттеушілері қалада тұратын 15 пен 24 жасқа дейінгі жастардың жалпы санын, тамақ өнімдерінің сапасын, сондай-ақ қауіпсіздік пен сөз бостандығы деңгейін басшылыққа алған.

Токио, Мельбурн, Сеул, Квебек және Аделаида сияқты әлемдік қалалар халықаралық рейтингтің көшбасшысы болды. Бұл ретте Алматы Варшаваны басып озып, бірден Нью-Йорктен кейін орналасты.

Осы рейтинг бойынша, Мәскеу  84-орында, ал Санкт-Петербург 98-орынға орналасқан.

aikyn.kz




Көрілген: 588    Пікірлер: 0

жұма, 12.11.2021, 14:18

Достарыңмен бөліс:





  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2022
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    2022
    қаңтар
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29 30
    31