Жаңалықтар

Алматыда балабақшаның кейбір төлемін бюжет есебінен жүргізу пысықталуда

  • https://www.inform.kz/

    https://www.inform.kz/

Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаев мектепке дейінгі білім берудің өзекті мәселелері бойынша кеңес өткізді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

 

Мемлекеттік мектепке дейінгі мекеме басшыларының қатысуымен өткен кеңесте балабақшалардағы орын тапшылығын азайту, балаларды тамақтандырудың және денсаулық жағдайларын медициналық бақылаудың сапасын арттыру, мектепке дейінгі білім беру әрі тәрбиелеу үрдістерін, әкімшілік тарапынан менеджементті жақсарту, сыбайластық тәуекелдеріне қарсы іс-қимыл жүргізу мәселелері қаралды.

 

Бүгінгі күні Алматыда 824 мектепке дейінгі ұйым бар, оның 189-ы мемлекеттік, оған 65 мыңнан аса бала барады. 3 жастан 6 жасқа дейінгі балаларды қамту шамамен 90%-ды құрайды.

 

Балабақшаларда орын тапшылығын азайту мақсатында 640 орынды төрт мемлекеттік балабақшаның құрылысы жүруде.

 

Сонымен бірге, жергілікті бюджеттің қаржысы есебінен жеке балабақшалардағы ата-аналардың төлемдерін ішінара өтеу тетіктері пысықталуда. Бұл қосымша 5 мың орын құруға мүмкіндік береді.

 

Тағы 2,2 мың орынды қолданыстағы нысандарды қайтару немесе жаңарту арқылы ашу жоспарланып отыр.

 

Кеңесте балабақшалар басшыларының жауапкершілігін күшейтуге ерекше назар аудару керектігі сөз болды. Әсіресе, қаржы тәртібін сақтау өте маңызды, өйткені мектепке дейінгі білім беру саласына бөлінетін қаржы көлемі өсті.

 

Сонымен бірге, балабақша меңгерушілері білім беру процесінің жоғары мазмұндық сапасын қамтамасыз етіп, қосымша сабақтар өткізуді енгізулері тиіс.

 

Күн тәртібіндегі өзекті мәселенің бірі &ndash балалар тағамының сапасын арттыру және қауіпсіздік шараларын күшейту. Бақылауды күшейту үшін бейнебақылау жүйесі кеңінен енгізіліп, «соқыр аймақтар» жабылуда.

 

Коронавирустық пандемия жағдайында санитарлық-эпидемиологиялық қауіпсіздік нормаларын сақтауға ерекше назар аударылады. Санитарлық дәрігерлер санитарлық қауіпсіздік ережелерінің белгіленген тәртібінің сақталуын анықтау үшін тұрақты мониторинг жүргізеді.

 

Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаев қаржылық тәртіпке бақылауды күшейтуді және менеджментті күшейту бойынша шаралар қабылдауды тапсырды.

 

Бұдан былай балабақша меңгерушілерінің жұмысы іске асырылған KPI арқылы бағаланатын болады.

 

Бұдан өзге, қамқоршылық кеңестерінің құрамы қайта қаралады, олардың құрамында белсенді өмірлік ұстанымдары бар ата-аналар болулары тиіс.

 

 

 




Көрілген: 555    Пікірлер: 0

жұма, 26.02.2021, 14:02

Достарыңмен бөліс:



  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    29 Наурыз, 16:06
    Тарихи күн

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    сәуір
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4
    5 6 7 8 9 10 11
    12 13 14 15 16 17 18
    19 20 21 22 23 24 25
    26 27 28 29 30