Құрметті оқырмандар назарына! «Алаш айнасы» желілік-басылымы Ақпарат комитетінің 2023 жылғы 01 қарашадағы № 15 бұйрығы негізінде 2023 жылғы 30 қазаннан бастап бұқаралық ақпарат құралы ретінде өз қызметін тоқтатты.

К сведению уважаемых читателей! Сетевое издание «Алаш айнасы» на основании Приказа Комитета информации № 15 от «01» ноября 2023 года прекратил свою деятельность в качестве средства массовой информации с 30 октября 2023 года.

Алматыда бір ғана мектеп дәстүрлі режимде жұмыс істейді

01 қыркүйек 2020, 16:44

Алматыдағы №197-інші мектеп білім күнін дәстүрлі сынып сағатымен бастады.

 

Медеу ауданына қарасты Сұлусай елдімекенінде орналасқан бұл білім ошағы қаладағы қалыпты жағдайда жұмыс істейтін жалғыз мектеп.

 

Бала саны аз болғандықтан білім басқармасы мен қалалық бас санитар дәрігер балалардың мектепке келіп оқуына рұқсат берген.

 

9 жылдық мектепте екі ауысымда 63 бала оқиды. Әр сыныптағы бала саны 6-дан аспайды. Мектепте барлық санитарлық талап сақталған. Ал ұстаздар саны – 19.

 

ТҰНЫҚ САРЫБАЕВА, АЛМАТЫ Қ. №197 МЕКТЕПТІҢ ДИРЕКТОРЫ:

 

– Барлық сыныпта антисептиктеріміз және кварцтық лампаларымыз толықтай қамтамасыз етілді және әрбір қоңырауға шыққан уақытта әр сынып әр уақытта шығады. Оқышыларымыз таңертең келген кезде олардың дене қызуын тексеретін 2 поликлиникадан бөлінген медсестрамыз бар.

 

РЫСКҮЛ АКИМОВА, АТА-АНА:

 

– Менің немерем осы мектептің 2 сыныбында, қазақ сыныбында оқиды. Биыл біздің мектебіміз дәстүрлі сабақ өтуді бастап отыр. Біз ата-ана ретінде өте қуаныштымыз. Балалардың қауіпсіздігіне алаңдауға ешқандай негіз жоқ. Біз оқу жылының осылай басталғанына өте қуаныштымыз.

 

24.kz