Алматыда жаңа форматтағы мектептер ашылды

29 желтоқсан 2021, 08:30

Алматының екі ауданында 3300 орынды жаңа мектептер ашылды. Қала әкімі Бақытжан Сағынтаев жұмыс сапары кезінде  мегаполистің Алатау және Наурызбай аудандарында салынған жаңа оқу орындарын аралап көрді.  
 

Б. Сағынтаев Наурызбай ауданының Қалқаман-2 шағын аудандағы 1800 орынды №206 мектепті аралап көрді. Мектептер заманауи жиһаздармен, қажетті оқу  құрылғыларымен жабдықталған.

Алматы әкімі Б. Сағынтаев Алатау ауданының Томирис шағын ауданында салынған №205 мектепте де болды. Осы заманауи мектептің іске қосылуы 1500 оқушы орнының тапшылығын азайтуға мүмкіндік берді.


Оқу орны жиһазбен және оқу техникасымен толық жабдықталған әрі өзінің алғашқы оқушыларын келесі тоқсаннан бастап қабылдауға дайын. Қазіргі кезде оқушылардың тізімі жасалуда.

Айта кетерлігі, жаңа мектептер типтік жобалар бойынша салынбаған. Жобалау кезінде оқу орындарына қойылатын жаңа стандарттар арнайы әзірленіп, қабылданды. Олар заманауи сәулет, ойластырылған кеңістіктік дизайн, кең сыныптар мен қоғамдық кеңістіктері бар эргономикалық интерьермен ерекшеленеді.

Жоба авторлары әр орынның ауқымдылығына қолжеткізуді мақсат етті. Бұған бал ұясы тәрізді кабинеттер есебінен қол жеткізілді. Бұл нысан үй-жайлардың барынша табиғи жарықтандырылуын қамтамасыз етуге мүмкіндік берді. Кең дәліздер мектеп ішінде еркін жүруге мүмкіндік береді. Мұнда балалар мен мұғалімдердің жайлылығы үшін барлығы жасалған. Мектептерде спорт залдары, асхана, зертхана және басқа да сыныптар қарастырылған. Аумақтарда стадиондар орналасқан, барлық кеңістіктер барынша  көгалдандырылған, - делінген ақпаратта.
Мектептер заманауи Face ID қауіпсіздік жүйесімен жабдықталған. Ата-аналар балалардың кіруі мен шығуы туралы хабарламалар алады. Үш жағынан кіретін жеке топтар қауіпсіз санитарлық-эпидемиологиялық режимді қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

Жалпы, Алматыда ағымдағы жылы қалалық бюджет есебінен 18 оқу орны салынды, онда 11 563 оқушы орны құрылды.

BAQ.KZ