Жаңалықтар

Алматыда мүгедек студент жатақханада соққыға жығылды

  • © ҚазАқпарат

    © ҚазАқпарат

Алматыда Тұран университетінің мүмкіндігі шектеулі студенті Самат Рамазановты жатақханадағы көршісі соққыға жыққан. Бұл деректі қалалық Полиция департаменті растады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.


Бұл туралы Facebook-те қайырымдылық шараларын ұйымдастырумен айналысатын «Help Today» қорының жетекшісі Эльмира Әлиева жариялады.


«Біздің қорымыздың қызметкері, студент Самат Рамазановты Тұран университеті жатақханасындағы көршісі соққыға жыққан. Самат көршісінен терезені ашпауын, темекі шекпеуін өтінген. Содан екеуінің арасындағы сөз таластың арты төбелеске апарған. Саматты Өсеров ұрып жыққан. Бұл оқиғадан соң жатақханаға екі рет жедел жәрдем шақырылған», - деді Эльмира Алиева.


Самат Рамазанов Ұлттық педиатрия және балалар хирургиясы орталығының балалар онкологиясы бөлімінде сайқымазақ болып жұмыс жасайды. Туабітті тұқымқуалайтын мукополисахаридоз дертімен ауырады. Қазір Самат Рамазанов Бостандық ауданы полиция басқармасына арызданып қойды.


«Рамазановтың арызын Бостандық аудандық полиция басқармасы қабылдап алды. Қазір тергеу амалдары жүріп жатыр. Тергеу аясында сот медициналық сараптама тағайындалады. Сараптама қорытындысына сәйкес процессуалды шешім қабылданатын болады», - деді қалалық Полиция департаментінен.


Ал дәрігерлер Саматтың жағдайын орташа деп бағалап отыр.


«Пациенттің басы жарақаттанған. Бетінен соққы алған. Қажетті медициналық көмекті қабылдап жатыр. Нейрохирургиялық бөлімге жатқызылды», - деді қалалық Қоғамдық денсаулықты сақтау басқармасынан.


 




Көрілген: 491    Пікірлер: 0

дүйсенбі, 18.11.2019, 18:37

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    30 Қараша, 02:44
    Біз жастарға сенеміз
    17 Қыркүйек, 18:06
    Тіл – татулық тірегі

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    желтоқсан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1
    2 3 4 5 6 7 8
    9 10 11 12 13 14 15
    16 17 18 19 20 21 22
    23 24 25 26 27 28 29
    30 31